2025 жылға дейін медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне жыл сайынғы стипендияларды 20%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда – ҚР ДСМ

2022 жылы республикалық бюджеттің есебінен 4700 білім беру гранты бөлінді, оның 1500-і резидентура үшін, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті.


2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттің есебінен резидентура гранттарының санын 2500-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.
2022 жылдың шілдесінде бекітілген медициналық білім берудің қабылданған мемлекеттік стандарты 2023 жылдан бастап дәрігерлік кадрларды даярлаудың үздіксіз интеграцияланған моделін енгізуге мүмкіндік береді, бұл дәрігерлерді даярлаудың жалпыға бірдей қабылданған халықаралық қағидаттарына сәйкес келеді.
Біздің университеттерді өз клиникалық базаларымен қамтамасыз ету мақсатында 6 университеттік аурухананың құрылысын іске асыру басталды. Бұл дәрігерлерді практикаға бағдарланған даярлауды қамтамасыз етуге, университеттердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және ғылымды, озық технологиялар мен білім беру процесін интеграциялау арқылы университеттік клиникаларға республикада денсаулық сақтауды дамытудың драйвері болуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Президент пен «Аманат» партиясының тапсырмасы бойынша шәкіртақы айтарлықтай ұлғайтылды. Мысалы, бакалавриат үшін ол 2 есеге жуық, интерндерде 25%-ға, резиденттерде, магистранттарда, докторанттарда 2021 жылы 15%-ға ұлғайды.
«2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20%-ға ұлғайту жоспарлануда. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін береді және біздің ЖОО-ларға мықты талапкерлерді қосымша тартады», — дейді ҚР ДСМ ҒАРД директоры Дәулет Алдыңғұров.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдан бастап өңірлер өтінімдерінің негізінде резидентурада гранттарды бөлуді енгізді. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық саясатын сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.
2022 жылғы 8 ақпанда салалық біліктілік шеңбері бекітілді. Осы оқу жылынан бастап санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын даярлаудың 5 жылдық бағдарламасы енгізілді.
Сондай-ақ, 21 кәсіби стандартты әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс жалғасуда және 2023 жылы 36 кәсіби стандарттарды әзірлеу және өзектендіру жоспарлануда.
Министрлік медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Мәселен, биыл ҒАРД бюджеттік бағдарламасының шеңберінде 4200 дәрігер, оның ішінде 138 шетелдік және 2650 мейіргерді оқыту ұйымдастырылды.
Денсаулық сақтау басқармаларының деректері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен қосымша 15 790 дәрігер, оның ішінде 209 шетелдік және 29 мыңнан астам орта медицина персоналы оқытылды.
Келесі жылы дәрігерлер мен мейіргерлердің сондай санын оқыту жоспарлануда.
9 облыстың деректері бойынша 2023 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2500-ге жуық дәрігерді, оның ішінде 43-і шетелде және 9 мыңнан астам мейіргерді оқыту жоспарланған.

Биыл ҚР ДСМ медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру бойынша заң жобасын әзірлеп, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізді, ол қазір сараптамалық қоғамдастықтың талқылауына шығарылды, Мәжілістің жұмыс тобы жұмыс істейді.
«2023 жылы ол қабылданып, 270 мыңнан астам медицина қызметкері сақтандырылады деп күтеміз. Сондай — ақ, келесі жылы маманның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін, ал кадрлар тапшылығы кезінде қосымша еңбек функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сертификаттау курстарының тізбесін кеңейтуді жоспарлап отырмыз», — деп хабарлайды ведомствоның Кадр департаментінің басшысы.
Алғаш рет медициналық колледждерді ауқымды аттестаттау өткізілді, бұл білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын колледждердің біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша негіз құруға мүмкіндік береді.