90 жылдыққа сый

Қарағандыдағы көпқабатты үйдің бірінде ғашықтар бейнесі пайда болды. Қаламыздың орталығындағы үйдің бірінде пайда болған муралда таңғы шуақ аясында ұлттық киімдегі ғашық жұп бейнеленген. Өнер туындысы жаңа күнді ғана емес, жаңа өмірді де бейнелейді.

Қарағандылық кәсіпкерлер қаланың оң өзгерістеріне белсенді атсалысуда. «1000 ұсақ-түйек» дүкені орналасқан үйдегі жаңа мурал мұның дәлелі. Бұл қалалық әкімдіктің, Урбанистика және кәсіпкерлер орталығының бірлескен жобасы. Қабырға суреті тек демеушілердің қаражатына салынған.

Жұмыстың авторлары – белгілі қазақстандық суретші Динара Усман және Урбанистика орталығының ұжымы. Көркем бейнелеу – AIR_G командасы. Дайындық жұмыстары тамыз айының басында басталып, жақында мурал толығымен аяқталды.

«Муралдың құрылуы тұрғындармен және қала әкімшілігімен келісілді. Жұмыста ауданның жаппай тұрғын үй құрылысына жайлылық пен атмосфера сыйлайтын шынайылық пен оң бағыт көрсетілген. Сурет тыныштықты, нәзіктік пен жайлылықты көрсетеді, бұл қолдау мен қамқорлықты білдіреді», – дейді Урбанистика орталығындағылар.

Құралай КӨБЕНОВА, «QH»