31 жылдық тарихы бар – даңқты бөлім…

2023 жылдың 25 ақпанында 31 жылдық тарихы бар 5516 әскери бөлімі бөлімнің құрылған күнін салтанатты түрде Теміртау қаласының мәдениет сарайында өткізді. Айтулы іс-шараға бөлімнің жеке құрамы, «Орталық» ӨңҚ қолбасшылығы, 5451, 6505 әскери бөлімдерінің басшылығы, қаламыздың өзара әрекеттесетін органдарының өкілдері Теміртау қаласының полиция басқармасы, қорғаныс істер бөлімі, төтенше жағдай басқармасы, прокуратура, т.б. жергілікті атқарушы билік өкілдері мен  бөлімнің ардагерлері қатысып, құрметті қонағы болды.

Іс-шара барысында бөлімнің жеке құрамына офицерлер мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілеріне, сарбаздарға және Ұлттық ұлан Академиясының 2022 жылғы түлектеріне Ұлттық ұлан нышаны бар төрт қол сағаты, қала әкімі Ораз Таурбековтің атынан бағалы сыйлықтар, Теміртау қаласының әкімшілігі, полиция, төтенше жағдайлар басқармасы атынан алғыс хаттар мен грамоталар табысталды.

Ең алғашқы құттықтау сөзі бөлімнің командирі болған, қазіргі таңда «Орталық» ӨңҚ қолбасшысының техника және қару-жарақ орынбасары полковник Владимир Березовиковке берілді.

Өз сөзінде Владимир Владимиович: «Құрметті қонақтар, ардагерлер, әріптестер! Бүгін біз 5516 әскери бөлімінің  31-жылдық мерей тойын атап өтудеміз. Осы бөлімнің қызметі қалай басталып, қалай өтіп жатқанын еске түсіріп айтатын болсақ, әскери бөлім 1992 жылдан бастап қалыптасып, Тәуелсіздігіміздің құрдасы болғанымен, жас болса да, бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік дәстүрді ұстана отырып, жауынгерлік әзірлікті шыңдап, қырағылықпен жауынгерлік міндеттерін атқарып, еліміздің тыныштығын күзетуде. Бұл бөлімді басқарған бірталай командирлер дәл осында шыңдалып, қазіргі таңда жоғары лауазымды басқарып отырған атап өтті.

«Бүгінгі маңызды күн біздің өткенімізді саралап, болашаққа міндеттерді айқындайтын күн. Біздің қызмет – жоғары жауынгерлік әзірлік пен даярлықты қажет етеді. Бөлімнің басты міндеттері – қаламыздың көшелерінде қоғамдық тәртіпті күзету, құқықтық тәртіпсіздікке, жаппай тәртіпсіздіктерге жол бермеу, көше қылмыстарын алдын-алу болып табылады. 5516 әскери бөлімінің жеке құрамы батыр бабаларының асқақтаған рухтары мен қаhарлы істерінен үлгі алып, әрқашан да халқына қызмет етуге әзір. 5516 әскери бөлімі, өз Отанын құрметтеген және мәңгілік адал қызмет ететін айбынды да абыройлы бөлім!» — деп өзінің құттықтау сөзінде бөлім командирі подполковник Рауан Омаров, алғы бастамаларға дем берді.

Құттықтау рәсімінен  соң қонақтарға Алау» вокалдық ансамбілінің солисті С.Сейіткалиева, Г.Маликов., «Глория» және «Арабески» хореографиялық ансамбілінің әншілері мен бишілерімен концерттік бағдарламаларымен тарту етілді.

Бөлім 1992 жылдың 25 ақпанында, Қазақстан Республикасы Министр кабинетінің қаулысымен, Теміртау қаласында, жеке арнайы моторландырылған милиция батальоны – 5516 әскери бөлімі болып өз қызметін бастаған еді.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен және Ішкі әскерлері Қолбасшысы бұйрығымен бөлім жеке құрамы Ішкі істер органдарымен бірлесіп Теміртау қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет еншісін иеленді.

1992 жылдың 11 мамырында батальон құрамынан қалыптасқан жеке құрам  қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті күзету жөнінде патрульдік топпен 14 жаяу бағытта атқаруға кірісті.

1995 жылы бөлімнің жеке құрамы Семей қаласында,  Абай Құнанбаевтың  150-жылдығында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылды.

1997 жылы Семей облысында орман массивіндегі екі рет, дәл солай  Қарқаралы қорығындағы – 1997, 1998 жылдары орын алған өрт өршіген орман алқаптарында төтенше жағдай іс-шараларына қатысты.

1997 жылғы қазан айында Теміртау қаласындағы  тұрғын үйдің бірінде газ жарылысының зардаптарын жоюға және 1999 жылдың 1 желтоқсанында КарГРЭС-те болған жарылыс зардаптарын жоюға қатысты.

2001 жылы бөлім жауынгерлерімен металлург монументін салуға,  2003 жылы шаңғы тау жолын салуға, 2009 жылы «Теміртау көктемі» фильмін түсіруге жұмылдырылды.

Бөлім жеке құрамы, міндеттерін үлгілі орындағаны, ұлттық және қоғамдық қауіпсіздікті, егеменді, ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті нығайтудағы үлес қосқаны үшін жоғары дәрежеде аталып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министірі, ондағы Ішкі әскерлері Қолбасшысымен:

1994 жылы – 1 дәрежелі Дипломмен және Әбілхайыр атындағы ауыспалы вымпелімен;

1999, 2000, 2001 жылдары – Қазақстан Республикасы, ІІМ, Ішкі әскерлерінің, жеке батальондары арасында, бірінші орынға, ие болғаны үшін, Шоқан Уәлиханов атындағы ауыспалы вымпелімен марапатталды.

2001 жылғы 14 наурызда бөлім өз қызметі жағынан жедел мақсаттағы батальонға ауыстырылып, жеке құрамға жаңа міндеттер жүктеледі.

2004 жылы 28 тамызда әскери бөлімге алғашқы жаңа түрдегі  Жауынгерлік ту тапсырылды. Ту қабылдау мәртебесі бөлім командирі подполковник Мусаев Рауф Ахад-оглыға жүктелген болатын.

2010 жылы әскери сайыста жеткен көрсеткіштері үшін бөлім құрамы Ішкі әскерлері Қолбасшысымен «жедел мақсаттағы бөлімдер арасында бірінші орынға ие болғаны үшін, 1 дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен,     6800 әскери бөлімі командирінің атынан – Қарағанды құрамасының бөлімдері арасында бірінші орынға ие болғаны үшін 1 дәрежелі Дипломмен және ауыспалы вымпелімен» марапатталды.

2008 жылдан бастап бөлім жеке құрамы Астана қаласында республикалық және халықаралық маңыздағы іс-шараларды өткізуде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жұмылдырылды, атап айтсақ:

2008 жылы – Астана қаласының 10-жылдығына;

2009 жылы – Астана күніне;

2010 жылы – Астана күніне, Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдағанының 15 — жылдығына, Европа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымының мемлекет Басшылары Саммитін өткізуге.

2011 жылы – 7 қысқы Азиада ойындары, Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтауда, Ислам конференциясына, Астана күніне, Қазақстан Республикасы Конституция күніне,  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 —  жылдығына қатысты

2011 жылдың 24 желтоқсанынан бастап 2012 жылдың ақпан айына дейін бөлім жеке құрамы ауыспалы кесте бойынша Жаңаөзен және Ақтау қалаларында орын алған  төтенше жағдай кезінде құқықтық режимін қамтамасыз етуге  қатысқан болатын.

2014 жылдың 21 сәуірінде ҚР Президентінің N 807 Жарлығы бойынша  ҚР Ішкі әскері ҚР Ұлттық ұланы болып қайта құрылады. Сол кезден бастап әскери бөлімге жаңа міндеттер жүктеледі.

2016 жылы 25 ақпанда есірткі заттарын таратуда күдікті деп танылып  ұсталған азаматтың үйін тінту кезінде кинолог тобының жұмысымен  «Дина» лақап атты иті жасырылу тұрған жарты килограмм есірткі тапты.

Бөлім құрамы 2017 жылы 25 мамырынан бастап 27 шілдеге дейін дейін  Астана қаласында  өткен «EXPO-2017» қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуіне қатысадады;

2018 жылы – Астана қаласының 20-жылдығына;

2018 жылы 15 желтоқсанда Елбасы, Қазақстан Республикасы Қарулы қүштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Н.Ә.Назарбаев, Ақ Ордада Тәуелсіздігімізге 27 жыл толуына орай, Қарулы қуштеріміздің сегіз әскери қызметшілеріне, мемлекеттік наградаларды табыс етті, соның қатарында, 5516 әскери бөлімінің екі офицері, аса қауіпті қылмыскерлерді ұстауда, көрсеткен батылдығы, ерлігі және қайсарлығы үшін, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

2020-2021 жылы — эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз етеді.

2022 жылы 05-20 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай кезеңінде құқықтық режимді қамтамасыз етті.

Қазіргі уақытта өзінің жауынгерлік жолында міндетін 31 — жыл бойы жоғарғы дәрежеде өткеріп келген даңқты бөлім, бүгінде де Қазақстан Республикасының Президенті, ІІМ, ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы мен «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының қойылған тапсырмаларын абыройлы  орындауға дайын.

Сержант Баян Мусина

Теміртау қаласы.