20 қазан күні Ұлттық ұланның 5516 әскери бөліміне 30 көшет шырша сыйлыққа тарту етілді

20 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 30 жылдығына арнап Теміртау қаласының әкімі Ораз Таурбеков және Теміртау қаласы Мәслихатының хатшысы Алексей Ломакин және Михаил Коновалов Ұлттық ұланның 5516 әскери бөліміне 30 көшет шырша сыйлыққа тарту етті. Бөлім аумағына көшет отырғызу жұмысы Теміртау қаласының «Шаңырақ» волонтерлік орталығымен бірге ұйымдастырылды. Алексей Ломакиннің айтуынша: «Әскери бөлімнің қала өмірінде орны ерекше екендігі, қаланың тыныс-тіршілігіне белсене ат салысатындығы көрінеді. Бұны біз елемей қоя алмаймыз. Сондықтанда көшеттерді отырғызу науқаны жүріп жатқандықтан әскери бөлімге қонаққа келдік».

Теміртау қаласы.
5516 әскери бөлімі
кіші сержант Ержан Мунбаев