Бір кеште Қарағанды облысының ұландары ұрлықшы мен тәртіп бұзушыны ұстап алды…

09 қараша күні Теміртау қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі барысында 5516 әскери бөлімінің сарбаздарына Гастроном-40 супермаркеті маңында белгісіз азаматшаның смартфон телефоны мен 65000 теңге көлеміндегі ақшаны ұрлағаны жайлы ақпарат түседі. Аталған жәйт бойынша әскери жасақ бастығына баяндап, тәртіп бұзушыны іздестіруге кіріседі.

 

Әскери топ бастығы ефрейтор Данил Соколенконың айтуынша, ұландықтар көп ұзамай Тәуелсіздік бульвары маңынан бағдарға сай азаматшаның байқап бірден ұстап алады. Ұрлықшыны ПД жеткізіп тексерген кезінде Теміртау қаласының 1990 жылғы тұрғыны, қалтасынан ұрланған VIVO маркалы телефон мен жоғалған ақша анықталады.

Аталған әрекет бойынша азаматшаның полиция департаментінде ҚК 188 бабының 1 тармағына сай «Ұрлық» тіркелді.

Дәл осы кеште, сағат 21.00 шамасында Теміртау қаласындағы Кеншілер даңғылы 15/1 «Самал» дүкені маңында белгісіз азамат екінші азаматқа дене жарақатын салып, оқиға орнынан НЕКСИЯ көлігіне мініп қаша жөнелгені жайлы ақпарат түседі. Тексеру барысында «Шығыс» саябағы маңынан аталмыш күдікті байқалып, қызметтік иттің көмегімен қолға ұсталады.

— Кешкі уақыт еді, әскери жасақтар аталған әрекет бойынша аудандардың барлығын тексеріп жүрген еді, кенет бізді көріп сасқалақтаған азаматты байқадым. Жақындаған кезіміз еді, қаша жөнелді, қызметтік итті қолданамыз деп те ескерттік, тоқтамады. Көп ұзамай Стессидің көмегімен ұсталды- дейді қатардағы Ержан Сулеймен.

Аталған факті бойынша бойынша 1993 жылғы азамат ұсталып, полиция бөлімінде ҚК 107 бап 2 тармағы сараптамасы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» сай іс тағайындалды.

 ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі