1 маусымда Қарағандыда тағы бір оқушылар сарайы ашылады

Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингіде атап өткендей, қосымша білім беруде балаларды қамтуды арттыру мәселесі жеке ұйымдарға мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен шешіледі. Биыл мемлекеттік тапсырыстан 3 мыңнан астам орын орналастырылған.

Облыста мектептен тыс 96 ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 43-і білім беру саласында, 35-і БЖСМ спорт жүйесінде, 1-еуі мәдениет жүйесінде және 17-сі жеке. Биылғы оқу жылында қосымша біліммен 142 048 бала қамтылған.

– Қосымша бағдарламалардың едәуір бөлігі мектептерде жүзеге асырылуда. Оларда бюджет қаражаты есебінен тегін негізде 44,4 мың баланы қамти отырып 2 646 үйірме мен секция жұмыс істейді. Қарағандыда 600 орынға арналған «Шабыт» оқушылар сарайының құрылысы аяқталуға жақын. Ол Пришахтинскідегі 23-шағынауданның саябақ аймағында орналасқан, барлық заманауи талапқа сай. Оның ашылуын Балаларды қорғау күніне (1 маусым) жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жыл соңына дейін Осакаров кентінде қосымша білім беру орталығы ашылады, – деді Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова брифингіде.

Құралай ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,«QH»