Зооеріктілер кездесуі

Қарағанды хайуанаттар бағында зооеріктілер кездесуі өтті. Шараны Қарағанды зообағын қорғау альянсы халықаралық еріктілер күніне орай ұйымдастырды. Жан-жануар жанашырлары кездесуде жаңа жаңалықтар және жоспарлармен бөлісті.

– Іс нәтижелі болуы үшін адамдар бір-бірімен байланыста болуы және заңнан хабардар болуы керек. Біз бүгін баспаналардың тіркелуін талқыладық, құқық қорғау органдарымен байланыс орнатып, қаржы есебін жасадық, – дейді зооальянс өкілі Наталья Уголькова.

Семинарға 30-ға жуық адам жазылғанымен тек бесеуі келді. Еріктілер жануарларға көмектесу үшін көп күш жұмсайды, сондықтан ақпарат іздеуге әрдайым уақыт жетпейді, оларға көмекшілер керек, дейді шараға қатысушылар.

– Енді есептеу формасына келетін болсақ, егер сіздер қайырымдылық қоры ретінде тіркелсеңіздер және жекеменшік болғанның өзінде үнемі есеп берулеріңіз керек. Салыққа, көрсеткіштерге есеп беруіміз керек. Қолданып отырған барлық жердің қауіпсіздігіне де сұрау бар. Барлығы заңға сәйкес. Жауапкершілік үлкен, – дейді зооальянс өкілі Инна Радченко.

Кездесудің мақсаты – тек пайдалы ақпаратпен бөлісу ғана емес, үй жануарларын қорғаушыларды бір-бірімен таныстыру. Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжанова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Тұртбаева және хайуанаттар бағының директоры Гүлнара Адамбекова зообақ басшылығынан мақтау естіп, алғысхаттар алды.

– Осындай ірі көлемдегі жиналысты біздің хайуанттар бағында өткізіп жатқандарыңызға алғыс айтамыз. Сіздер нағыз жануарлардың қорғаушы, жанашырысыздар. Мұның барлығы үлкен тәуекел мен жауапкершілікті талап етеді. Ең бастысы бірліктеріңіз ажырамасын. Бастаған істеріңіз алға баса берсін, – деп атап өтті хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова.

Қамқоршылардың қолдауының арқасында қаңғыбас жануарлардың мәселесін шешу сөзден нақты пайдалы іске көшті. Брижит Бардо қорының дәрігерлері 6 жүзден астам қарағандылық иттер мен мысықтарға ота жасады, ал Саран елімізде үйсіз жануарларды ұстау, зарарсыздандыру, вакцинациялау және бұрынғы мекендеу орындарына шығару бағдарламасы әкімдіктің, полицияның, ветеринарияның және зооқорғаудың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында сәтті өткен жалғыз қала болды.

– Біз бұл жобаны осымен 3-ші жыл қатарынан өткізіп жатырмыз. Оның өзі үлкен жетістік. Кез-келген мемлекеттік орындар бізге қолдау беруде. Басқа да өңірлер серіктес болса дейміз. Бірақ біз мұнымен тоқтамаймыз. Алға жылжи береміз. Ең бастысы қаламызда қаңғыған немесе қараусыз қалған иттер қалмаса дейміз, – деген тілегін білдірді 1Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Ғалия Тұртбаева.

Көшеде қалған жануарлардың мәселесі өршіп тұрған уақытта мұндай шаралардың өтуі өте маңызды. Сондықтан да жиі бас қосуға тырысамыз дейді, ұйымдастырушылар.

Жұпар АМАНБАЙҚЫЗЫ,                                    

«QH»