Жолдауда айтылған өзекті мәселелер
Бүгін екінші қыркүйек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылды. Жолдауда көтерілген мәселелердің бірі экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керектігі айтылды. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды, деді мемлекет басшысы. Ашығын айтуымыз керек, бізде республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатыр. Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық, деп атап өтті Президент.
Сонымен қатар теміржол саласында реформа жасау үшін тариф жүйесі қайта қаралуы керектігі сөз болды. Бұл айтылуы керек дүние еді. Жаңа тарифтер теміржол желісін қалыпты жағдайда сақтауға және оның тасымал қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. «Қазақстан темір жолы» компаниясы үш ірі инфрақұрылымдық жобаны қолға алды, яғни теміржол салып жатыр. Оның жалпы ұзындығы мың шақырымнан асады. Бұл жобалар бекітілген мерзімде және өте сапалы іске асырылуға тиіс. Халық қажеттілігі үшін, қолға алынар дүние. Автокөлік жолдарының жай-күйі де сөз болды. Елімізде 12 мыңға жуық шақырым жол салынып, жөнделіп жатыр. Биылғы жолдауда күре жолдардың халық үшін қажеттілігі дұрыс айтылды. Осы орайда Президент бағдарламаның ауқымы кеңейтіліп, 10 мың шақырым жол қамтылатындығын айтты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған тағы бір өзекті мәселе, әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алатыны. Ұлттық Құрылтайда айтылған: отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды «адал азамат» деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады. Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады.
Президент Жолдауын Қазақстан халқы асыға күтеді. Жолдау үлкен саяси оқиға болып табылады. Ал Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы күрделі, өзекті мәселелерді қамтитын, елімізде жүзеге асырылатын бағдарламаларға құрылды. Көптеген мәселелер көтерілді және оларға баға берілді. Мемлекет басшысы келер жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып табылатындығына мән берді. Әр адам өзінің жұмысында, қызметінде еңбек етіп алғысқа бөленеді. Сондықтан біздер осы бағдарламаны мықтап қолға алып, қарқынды жүргізуіміз керек.
Мемлекет басшысы жолдауда көтерген тағы бір мәселе — әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы — айрықша маңызды міндет екендігі жеткізілді. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты, деді. Бұл өте дұрыс айтылған жолдау. Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі 44803 әскери бөлімімен бірлесіп, бірқатар іс-шараларды өткіземіз. Әскери патриоттық жиындар, Ата заң күні, Ұлт руханиятының темірқазығы — Абай күні әскери қызметкерлердің қатысуымен бірге атап өтіледі. Жолдауға бізде үн қостық, қолдадық. Енді жастарға жеткіземіз. Ел президенті мен халқымыз аман болсын, береке мен бірлігіміз жараса берсін!
Саран қалалық мәслихатының депутаты
Жанбол Жаяубаев