ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ

Қарағанды облысында өткен жылы республикалық маңыздағы жолдарда 130 жол-көлік оқиғасы болып, 101 адам қайтыс болған. Тағы 126 адам жарақат алды.

Жол бойындағы оқыс жағдайлар биыл да тыйылмай тұр. Өткен төрт айдың өзінде 30-ға жуық адам көлік апатынан қайтыс болып, 25 адам жарақаттанған. Полиция мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы және «ҚАЖсервис» мекемесінің мамандары бірлесіп «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.

Олар «Қызылорда – Павлодар» тасжолының ең күрделі қиылыстарының біріне де шықты. Мамандар жүргізушілерге жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, ескерту қағаздары мен ауызсу таратқан.

– Жылдың басынан жол апаты көбейген. Соның бір себептері – рульде шаршау, ұйықтау, ұялы телефондарға алаңдау. Жол бойындағы елді мекендерде мал бар. Бұлар жолға шығып кетеді, – дейді «ҚАЖсервис» ЖШС бас инженері Асқар Сұлтанбеков.

Жанбота БЕЙСЕНБАЙ,«QH»