Жіті ішек инфекциясының алдын алу

Күн жылынып, жазғы маусым басталған кезде, жіті ішек инфекциясының өсуі мүмкін, әсіресе күн көзінен таралатын жылу микробтардың өршуіне ықпал етеді. Тамақта, суда немесе тез бұзылатын тамақтар дұрыс сақталмаса, ішек инфекциясы қоздырғыштарының көбеюіне және таралуына қолайлы болмақ.

Жіті ішек инфекциясы инфекция туындауға ықпал ететін микроорганизмдердің ағзаға түсуінен пайда болады.

Жіті ішек инфекцияларына сальмонеллез, дизентерия және басқа да энтероколиттер жатады.

Микробтар ағзаға тамақпен, сумен және кір қолмен бірге ауызға түсіп, әрі қарай асқазанға және ішекке түседі.

Жұқпаның негізгі көзі — ауру адам, бактерия тасымалдаушы, ал сальмонеллезде құстар және жануарлар ауру жұқтырады.

Оның таралу жолы: кір қол, жеке гигиенаны сақтамау, жуылмаған көкөністер мен жемістер, толық піспеген тамақтар, сонымен қатар суқоймалардың суы, шомылған кезде судың ауызға кіруі.

Аурудың білінуі әр түрлі болып келеді: инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 3-7 күнге дейінгі аралықты қамтиды. Адамның дене қызуы көтеріледі, құсу, іштің кезеңмен ауруы, өтуі және тағы басқа белгілері орын алады. Диарея және құсу ағзаның сусыздануына әкеледі, бұл әсіресе 1 жасқа дейінгі балаларға өте қауіпті.

Сонымен қатар ауру таралуының бірнеше түрі бар: көкөністер, жемістер өскен жерде топырақта таралуы мүмкін. Әсіресе таңқурай мен құлпынайды жуу қиын, дегенмен оларды ағынды сумен жуып, қайнаған сумен шаю керек. Алыс және жақын шетелден әкелінетін жеміс, көкөністерден (ерте піскен қарбыз, қияр, таңқурай) аурудың таралу мүмкіндігі жоғары боп жатады.

Балалар арасында жіті ішек жұқпасының таралуына дәрігерлік тексерістері жоқ және қажетті сапалық белгілерін анықтайтын құжаттары жоқ белгісіз сатушылардың қолынан алған сүт өнімдері де себеп болады.

ЖІЖ таралуының алдын алу мақсатында санитариялық-гигиеналық алдын алу шаралары аса маңызды.

ЖІЖ таралмауы үшін төмендегі бес тәртіпті сақтау керек:

Тазалық сақтау;

Шикі және піскен тамақтарды бөлек сақтау;

Тамақты жақсылап қуыру және толық пісіру;

Тамақтарды қауіпсіз температурада сақтау;

Дайын тамақтарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамау;

Қауіпсіз тамақтар мен қауіпсіз су пайдалану

Жіті ішек жұқпасымен сырқаттануды азайтуда және алдын алу шараларын ұйымдастыруда эпидемиялық маңызы зор объектілерде, оның ішінде қауіпсіз су, тамақ өнімдерін өндіретін мекемелерде алдын алу шараларын жүргізу күшейтілді.

Жіті ішек инфекциясы, сальмонеллез және тамақтан уланудың алдын алу бойынша «Жедел желі» байланыс телефондары: 51-96-87, 51-96-91.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы