Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

2022 жылғы 28 шілде.

Қаулы нөмері 36/93

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Кодекстің 84 бабында белгіленген ерекше жағдайлардың тізбесіне жататын объектілерді салу, атап айтқанда, төменде аталған жер учаскелерінің нысаналы мақсаты Қарағанды қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын іске асыру жолымен автомобиль жолдарын, магистральды құбырларды, инженерлік-коммуникациялық желілерді және елді мекендердің жалпы пайдалану объектілерін салу (қайта құру) бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Келесі жер учаскелеріне қатысты мемлекет қажеттілігі үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі қозғалсын:
  • Рустам Уристемович Кулькеевқа, Лина Владимировна Кулькееваға ортақ үлестік меншік құқығында тиесілі Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, «Қалалық әуежай» ықшам ауданы, 53 учаске мекенжайындағы көлемі 0,1000 га, кадастрлық нөмірі 09-142-137-330;
  • «САЙБЕР» ЖШС-ке ортақ үлестік меншік құқығында тиесілі Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Таттимбета көшесі, 19б, мекенжайындағы көлемі 0,1382 га, кадастрлық нөмірі 09-142-134-068;
  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2022 жылғы 27 қазан болып белгіленсін.
  2. Келісімдік рәсімдерді жүзеге асыру үшін меншік иесінің өтініш беру орны болып өтініш беру арқылы Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» (Д.А. Шакенов) мемлекеттік мекемесі анықталсын.
  3. «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» (Н.А. Ілияш) мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  4. «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» (Д.А. Шакенов) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64 бабы тәртібінде жер учаскелерінің меншік иелерін хабардар етсін.
  5. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ( А.Қ. Апақашева) және «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» (Д.А. Шакенов) мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  6. Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
  7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Қарағанды қаласының әкімі Е. Бөлекпаев