Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

2022 жылғы 8 маусым.

Қаулы нөмері 27/109

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Кодекстің 84 бабында белгіленген ерекше жағдайлардың тізбесіне жататын объектілерді салу, атап айтқанда, төменде аталған жер учаскелерінің нысаналы мақсаты Қарағанды қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын іске асыру жолымен автомобиль жолдарын, магистральды құбырларды, инженерлік-коммуникациялық желілерді және елді мекендердің жалпы пайдалану объектілерін салу (қайта құру) бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Келесі жер учаскелеріне қатысты мемлекет қажеттілігі үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі қозғалсын:
  • Ауэз Рашидович Айтмагамбетовке жеке меншік құқығында тиесілі Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, 14 шағынаудан, 4/3 құрылыс мекенжайындағы көлемі 0,0287 га, кадастрлық нөмірі 09-142-031-162;
  • «Ferrum Beton Prodacts» ЖШС-ке жеке меншік құқығында тиесілі Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Мельничная көшесі, 24Б үй мекенжайындағы көлемі 0,3089 га, кадастрлық нөмірі 09-142-130-1033;
  • «Монолит-2011» ЖШС-ке жеке меншік құқығында тиесілі Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, 144 есептік квартал, 432/1 жер телімі мекенжайындағы көлемі 0,4750 га, кадастрлық нөмірі 09-142-144-1175;
  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2022 жылғы 9 қыркүйек болып белгіленсін.
  2. Келісімдік рәсімдерді жүзеге асыру үшін меншік иесінің өтініш беру орны болып өтініш беру арқылы Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» (Д.А. Шакенов) мемлекеттік мекемесі анықталсын.
  3. «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» (Н.М. Аймагамбетов) мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  4. «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» (Д.А. Шакенов) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64 бабы тәртібінде жер учаскелерінің меншік иелерін хабардар етсін.
  5. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ( А.Қ. Апақашева) және «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» (Д.А. Шакенов) мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  6. Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
  7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Қарағанды қаласы әкімінің міндетін атқарушы 

Т. Калмаханов