Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Кодекстің 84 бабында белгіленген ерекше жағдайлардың тізбесіне жататын объектілерді салу, атап айтқанда, төменде аталған жер учаскелерінің нысаналы мақсаты Қарағанды қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын іске асыру жолымен автомобиль жолдарын, магистральды құбырларды, инженерлік-коммуникациялық желілерді және елді мекендердің жалпы пайдалану объектілерін салу (қайта құру) бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Келесі жер учаскелеріне қатысты мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі қозғалсын:

1) Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, керамика көшесі, Е 82/2 көшесі, ауданы 0.0369 га, кадастрлық нөмірі 09-142-181-091, жалпы үлесті меншік құқығында Марамов Ермек Төлегенұлына тиесілі;

2) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Чкалов к-сі, г. м. 5, м. 22, ауданы 0.0026 га, кадастрлық нөмірі 09-142-153-328, Айгистова Людмила Ивановнаға тиесілі, жеке меншік құқығында.

3) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Чкалов к-сі, г. м. 5, м. 20, ауданы 0.0035 га, кадастрлық нөмірі 09-142-153-955, Тристен Александр Ивановичке тиесілі, жеке меншік құқығында.

4) Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Ғарышкерлер көшесі, 118 үй, ауданы 0,0684 га, кадастрлық нөмірі 09-142-130-253, Рымбековласас Нұрланұлына жеке меншік құқығымен тиесілі

5) Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Гоголь көшесі, 87 үй, ауданы 0.0619 га, кадастрлық нөмірі 09-142-130-325, Есжанов Дулат Қалқенұлына, Есжанқызы Айман Жапауқызына тиесілі, ортақ үлестік меншік құқығында,

6) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, ғарышкерлер к-сі, 119 үй, 1 пәтер, ауданы 0.0693 га, кадастрлық нөмірі 09-142-131-264, Софина Любовь Борисовнаға тиесілі, жеке меншік құқығында

7) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, ғарышкерлер к-сі, 119/2 үй, ауданы 0.0600 га, кадастрлық нөмірі 09-142-131-278, Ким Людмила Геннадьевнаға тиесілі, жеке меншік құқығында

8) Қарағанды қ., Кувская к-сі, 2А үй, ауданы 0.0612 га, кадастрлық нөмірі 09-142-138-1614, Чупразов Владимир Иванович пен Чупразова Любовь Владимировнаға тиесілі, ортақ үлестік меншік құқығында

9) Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Гоголь көшесі, 119 үй, ауданы 0,0717 га, кадастрлық нөмірі 09-142-138-1549, Кембаева Лейла Бериковнаға тиесілі, жеке меншік құқығында

10) Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар Жырау даңғылы, Е 54/4 көшесі, ауданы 0.0064 га, кадастрлық нөмірі 09-142-126-053, Падалка Сергей Викторовичке тиесілі, жеке меншік құқығында

11) Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар Жырау даңғылы, Е 46/4 көшесі, ауданы 0.0842 га, кадастрлық нөмірі 09-142-126-123, «Тамаша» өндірістік кооперативі, уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2024 жылғы 23 тамызда белгіленсін.
  2. Келісімдік рәсімдерді жүзеге асыру үшін меншік иесінің өтініш беру орны болып өтініш беру арқылы Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Шакенов Д.А.) анықталсын.
  3. «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ілияш Н.А.) осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  4. «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Шакенов Д.А.) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64 бабы тәртібінде жер учаскелерінің меншік иелерін хабардар етсін.
  5. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ (Жашкеев Т.Б.) жер учаскелерін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізу және заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  6. Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
  7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Қарағанды қаласының әкімі  М. Кожухов