Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
2023 жылғы 30 қаңтар
Қаулы нөмері 06/66
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Кодекстің 84 бабында белгіленген ерекше жағдайлардың тізбесіне жататын объектілерді салу, атап айтқанда, төменде аталған жер учаскелерінің нысаналы мақсаты Қарағанды қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын іске асыру жолымен автомобиль жолдарын, магистральды құбырларды, инженерлік-коммуникациялық желілерді және елді мекендердің жалпы пайдалану объектілерін салу (қайта құру) бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Келесі жер учаскесілеріне қатысты мемлекет қажеттілігі үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі қозғалсын:
- «Техникс» ЖШС-ке жеке меншік құқығында тиесілі Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Комиссарова көшесі, 45/1 жер телімі мекенжайындағы көлемі 0,4442 га, кадастрлық нөмірі 09-142-157-142;
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2023 жылғы 20 сәуір болып белгіленсін.
- Келісімдік рәсімдерді жүзеге асыру үшін меншік иесінің өтініш беру орны болып өтініш беру арқылы Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» (Д.А. Шакенов) мемлекеттік мекемесі анықталсын.
- «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» (Н.А. Ілияш) мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
- «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» (Д.А. Шакенов) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64 бабы тәртібінде жер учаскелерінің меншік иелерін хабардар етсін.
- Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды қаласының әкімі М. Кожухов