Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына (бұдан әрі – Кодекс), «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Кодекстің 84-бабында белгіленген айрықша жағдайлар тізбесіне жататын объектілерді салу бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесіне қатысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін қозғау:

1) Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау даңғылы, 55/4 құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 0,8770 га жер учаскесінен 0,2070 га жер учаскесін алып қою; кадастрлық нөмірі 09-142-153-617, «Техникс» ЖШС-не уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен тиесілі, нысаналы мақсаты «аумақты абаттандыру, автотұрақтарды ұйымдастыру, жарнамалық конструктивтерді орналастыру»;

2) Қазыбек Би атындағы аудан, Бұқар Жырау даңғылы, 63/8 учаскесі, ауданы 0,0960 га, кадастрлық нөмірі 09-142-171-411, жеке меншік құқығында Түсіпбек Жәнгір Жанатұлына тиесілі, «сауда-тұрмыстық кешенді салу және одан әрі пайдалану» нысаналы мақсаты;

3) Қазыбек би атындағы аудан, 218 есептік орамы, 3-учаске, жалпы ауданы 158,8400 га, жер учаскесінен 14,7884 га жер учаскесін алып қою, кадастрлық нөмірі 09-142-218-238, жеке меншік құқығымен «КАРАТ» ЖШС-не тиесілі, нысаналы мақсаты «товарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу;

4) Қазыбек би атындағы аудан, 218-есептік орам, 17-учаске, жалпы ауданы 355,1300 га жер учаскесінен 5,4909 га жер учаскесін алып қою, кадастрлық нөмірі 09-142-218-017, жеке меншік құқығымен «Қараханқұрылыс» ЖШС-не тиесілі, нысаналы мақсаты «тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу».

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2026 жылғы 25 желтоқсан болып белгіленсін.
  2. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің жүгіну орны болып өтініш беру арқылы «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.А. Шакенов) белгіленсін: Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет.
  3. «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.М. Қаржасбаев) осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  4. Қарағанды қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Д.А. Шакенов) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64-бабында белгіленген тәртіппен жер учаскесінің меншік иесіне хабарлама жіберу тапсырылсын.
  5. Қарағанды қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-не (басшының м.а. Ж.Т. Тоқмурзин) жер учаскелерін бағалау бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылсын.
  6. Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
  7. «Жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждар үшін мәжбүрлі түрде иеліктен шығаруды бастау туралы» осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Қарағанды қаласының әкімі                                                                   М.Кожухов