Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

ҚАУЛЫ 05.06.26 жылғы №38/01

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс), «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Кодекстің 84-бабында белгіленген ерекше жағдайлар тізбесіне жататын объектілерді салу бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында, атап айтқанда, автомобиль жолдарын, магистральдық құбырларды, инженерлік-коммуникациялық желілерді және елді мекендердің ортақ пайдаланылатын объектілерін іске асыру жолымен салу (реконструкциялау)  жер учаскесінің нысаналы мақсаты Қарағанды қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесіне қатысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін қозғау:

1) Қазыбек би атындағы аудан, Штурманская көшесі, 21/3-учаске, ауданы 0,2893 га, кадастрлық нөмірі 09-142-132-045, жеке меншік құқығымен Сыздықова Марина Булатовнаға тиесілі;

2) Қазыбек би атындағы аудан, Лобода көшесі, 33/2-үй, ауданы 0,0782 га, кадастрлық нөмірі 09-142-124-231, жеке меншік құқығымен Шотик Лидия Михайловнаға тиесілі;

3) Қазыбек би атындағы аудан, Тәттімбет көшесі, ауданы 0,0012 га, кадастрлық нөмірі 09-142-134-706, уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығымен Әпейіс Асанәлі Ерғалиұлына тиесілі;

4) Қазыбек би атындағы аудан, Тәттімбет көшесі, ауданы 0,0012 га, кадастрлық нөмірі 09-142-134-879, уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен Әбдіков Ерлан Жұмашұлына тиесілі;

5) Қазыбек би атындағы аудан, Степной-4 шағын ауданы, 26/2-құрылыс, ауданы 0,0684 га, кадастрлық нөмірі 09-142-141-482, жеке меншік құқығымен Қасымова Мәдина Ақылбекқызына тиесілі;

6) Қазыбек би атындағы аудан, 218-есептік тоқсан, 44/1-учаске, ауданы 0,0599 га, кадастрлық нөмірі 09-142-218-117, жеке меншік құқығымен Әрмиев Ілияс Медетұлына тиесілі;

7) Қазыбек би атындағы аудан, 218-есептік тоқсан, 44-учаске, ауданы 0,0530 га, кадастрлық нөмірі 09-142-218-118, жеке меншік құқығымен Әрмиев Ілияс Медетұлына тиесілі;

  1. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің жүгіну орны болып өтініш беру арқылы «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.А. Шакенов) белгіленсін: Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет.
  2. «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.М. Қаржасбаев) осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  3. Қарағанды қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Д.А. Шакенов) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64-бабында белгіленген тәртіппен жер учаскесінің меншік иесіне хабарлама жіберу тапсырылсын.
  4. Қарағанды қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-не (басшының м.а. Ж.Т. Тоқмурзин) жер учаскелерін бағалау бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылсын.
  5. Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
  6. «Жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждар үшін мәжбүрлі түрде иеліктен шығаруды бастау туралы» осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Қарағанды қаласының әкімі                                                                   М.Кожухов