Желілік маркетинг арқылы жетістіктікке жеткен келіншек сырымен бөлісті

Жұрт ішінде «Желілік (сетевой) маркетинг» туралы пікір сан алуан.Жеңіл ақшада адалдық жоқ дейтіндер көбіне мұны қаржылық пирамидамен шатастырып жатады.Алайда, екеуінің жұмыс жүйесі екі түрлі. Қаржылық пирамидалар ешқандай өнім немесе тауар ұсынбайды, айналымда тек ақша айналдырады. Оның жұмыс жасау принципі мынадай: сіз алдымен қалтаңызға қарай ақшалай салым саласыз, сіз сияқты салым салғандардың есебінен пайыздық үлес алып отырасыз. Желілік маркетинг – ол тәуелсіз дистрибьютерлер (тауар өткізуші агент) желісін құру арқылы өнімді сату немесе қызмет түрін көрсету жұмысы. Желілік маркетингте әрбір агенттің табысы өнімді сатуына қарай. Ал тауарды сату дегеніміз –тынымсыз еңбек.Осындай тынымсыз еңбектің арқасында желілік маркетингтің білікті маманына айналған Гүлжан Рүстемова «Маry Kay мерейімі өсірді»,-дейді.
— Негізгі мамандығыңыз кім, неліктен одан қол үздіңіз?
— Мамандығым- журналист.Біздің өміріміз-біздің ойымыздың айнасы.Өміріміз- іс әрекетіміздің жемісі.Кейде өзіміз түрлі себептермен жүзеге асырмаған ісімізді «Тағдыр солай болған шығар»-деп тағдырға жаба салатынымыз бар.Ал менің жағдайымда өз мамандығыммен қызмет істемеуіме бірнеше маңызды себеп болды.Былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынады демекші, жан-жақты кедергілер болды.Өзіме де сол керек болған шығар, әйтпесе қалауым мықты болса, кез келген кедергіні жеңуге болар еді.Алайда, бұл менің бүгінгі пайымым.Ал осыдан 20 жыл бұрын қолымнан келер жалғыз мамандықтан қол үзу мен үшін үлкен күйзеліс болды.Ақыры қамыға жүріп, қайраттандым, шынықтым, ширадым.
— Неліктен «Mary Kay» желілік маркетингін таңдадыңыз?
— Сонау 1963 жылы Даллас каласында ашылған «Mary Kay» компаниясы әлемнің 36 елінде 58 жыл бойы әйелдер өмірін жақсартуда. Қолында дипломы бола тұра армандары жүзеге аспаған, тұлға болып қалыптасып үлгермеген , алайда сапалы өмір сүруге деген құлшынысы үлкен мен үшін осыдан 20 жыл бұрын мүмкіндіктер есігін ашқан жалғыз компания осы болды. Әйтпесе маңдайдан шертіп жүріп кәсіп таңдады дейсіз бе? Балаларды асырау керек, ата-аналық парызды орындау міндеті бар.Сондықтан да белді бекем буып, тәуекел деп алғашқы қадамдарымды бастадым.Өзімді өзіме дәлелдегім келді.Осылайша кәсіп бастап, көңіл – күй өзгерді,нақты мақсат пайда болды.Осы тұста мен компания тарапынан, ондағы жетекші тәлімгер тарапынан қолдауды сезіндім. Табыс табу арқылы өмірімінің сапасы өзгере бастады.Болашаққа деген сенім пайда болды.Нақты, айқын , орындалу мерзімі белгіленген мақсаттар болды.
— Дипломсыз білікті маман болу үшін нендей қасиет керек? Сіз ол компанияға арнайы дипломмен барған жоқсыз ғой.
— Диплом — білім көрсеткіші емес, қабілеттің де өлшемі емес. Қай салада болмасын нақты білім теориясы мен практикасы қатар қажет.Қалау керек, төзімділік, батыл шешім қабылдау маңызды. Бастысы дұрыс тәлімгер болса жақсы. Бұл ретте менің жолым болды. Бүгінде мен ширек ғасырдан артық тарихы бар, алпауыт, мықты компания мүшесімін.
— Желілік маркетингте жеткен жетістіктеріңізбен бөліссеңіз.
— Әрине еңбектенген адам зейнетін көреді.Сол сияқты мен де бұл кәсіптің арқасында таным, түйсігімді толықтырдым.Ел көріп, жер таныдым. 2007 жылы Түркия, 2013 жыл Куба, 2015 ж Греция үздік директорлар саяхаттарының жеңімпазымын. 2 рет директорларға арналған автобағдарламаны сәтті орындап, 2012 ж Шевроле Круз, 2017 ж Хюндай Элантра автокөлігінің жеңімпазы болдым. Жыл сайынғы Директорлар клубының тұрақты жеңімпазы болып , сыйақы жане бағалы сыйлықтар алудамын.Қорыта айтқанда «Mary Kay» мерейімді арттырып, өмірімді өзгертті.
— Сұхбатыңызға рақмет, табысты болыңыз!

Шамшырақ Халыққызы