Жедел жәрдем қызметі

Жедел жәрдем қызметкерлері жедел медициналық көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа түзетулер енгізуден бас тартуды талап етіп, Президентке видео үндеу жолдады. Түзету бойынша, емханалардағы жедел жәрдем бригадалары тек жұмыс күндері, жұмыс сағаттарында ғана қызмет көрсетеді.

Қазақстанның әртүрлі қаласынан келген қызметкерлер денсаулық сақтау министрлігінің жедел медициналық көмек көрсету бойынша бұйрығына енгізілген түзетуге қарсы. Еске салайық, бұл түзету емханалардағы жедел жәрдем бригадаларының түнгі кезекшіліктерін алып тастайды. Жедел жәрдем бригадалары тек өмірге қауіп төндірмейтін, созылмалы ауруы бар науқастарды, яғни 4 санатты жедел шақыруларға қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес, түнде осындай науқастарға жедел жәрдем бригадалары баруы тиіс. Қызметкерлер бізге сұқбат беруден бас тартты, себебі, олар видео жарияланғаннан кейін басшылық тарапынан қысымға ұшырап жатқанын айтты. Денсаулық сақтау министрлігінде ешқандай трагедия болмайды деп санайды. Жедел медициналық көмек жүйесі 2020 жылға дейін жұмыс істеген режиміне қайта оралады. Жедел жәрдем бригадалары пилоттық жоба ретінде енгізілген еді, бірақ ол өзін ақтамады. Екі жыл бұрын Астанадағы 10-нан астам емхана жедел жәрдем қызметтерінен бас тартқан.

– Біз ешқандай жоғалтуларды көріп отырған жоқпыз. Менің ойымша, мұнда ешқандай қауіп жоқ, адамдарға көмек көрсетілмей қалуы мүмкін деген пікірмен келісуге болмайды. Мен мұндай жағдайды көріп отырған жоқпын. Осы жүйеде жұмыс істейтін қызметкерлер қазіргі таңда ұйымдарында жұмысқа орналасу үшін қиындыққа тап болмайды, – дейді Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Республикалық бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының директоры Айгүл Қасымова.

Қазіргі таңда медбикелер мен фельдшерлердің тапшылығы жедел жәрдемде де, емханаларда да байқалады. Айгүл Қасымованың айтуынша, Астанада жедел жәрдем бригадаларынан қысқартылған қызметкерлерге басқа жұмыс орындары, оның ішінде емхана учаскелерінде жұмыс табылады.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,                                     

«QH»