ЖЕҢІМПАЗДЫ ЖЕҢІЛ КӨЛІКПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдо шебері Елдос Сметов елге оралды. Ол мінген ұшақ 27 шілдеде Алматыға таңғы 5-тің шамасында қонды. Алаштың мерейін асырған жерлесімізді туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері, эстрада жұлдыздары бар салтанатымен қарсы алды. Ал спортшыға қолдау білдірген бір топ азамат ерлігі үшін Елдосқа темір тұлпар мінгізді.
— Барша қазақ еліне, барша халқыма, қолдаушыларыма осы жеңісімді арнаймын. Көп уақыт өтті енді. Шыны керек көп уақыт дайындалдық. Екі Олимпиада да жүлделі орынға ие болдық. Бірақ мақсатымыз алтын болған. Бұйырғаны осы. Бұған да шүкір. Біз елімізді, жерімізді, қазақ деген кім екенін, қандай халық екенін бүкіл әлемге танытқанымызға өте қуаныштымын, — дейді спортшы.
Елдос Сметов Токио төрінде өткен додада әлемнің үздік дозюдошыларымен тайталасып, тағы бір мәрте мықтылығын дәлелдеді. Ол жартылай финалға дейін бар күшінжігерін сарп етті. Дегенмен, бұл жолы спортшымыз сыр-алғы қарсыласы, жапон өкілі Нао-хиса Така-тодан аз ғана ұпайпен ұтылып қалды.
— Әр жарыстың, бәйгенің орны бөлек екен. Бұл жолы қысымымыз көтеріліп, басылды ғой қазір. Жарысты көріп жатқанда оңай емес. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Не айтамыз, баламызға денсаулық тілейміз. Қолдау көрсеткен халқымызға рақмет, — деді Елдос.
Сметовтың әкесі Бақтыбай Сметов.
Бұл Елдостың Олимпиададан алған алғашқы жүлдесі емес. Бұған дейін Рио төрінде өткен додада күміс медаль иеленген еді. Ол халықаралық Дзюдо федерациясы 2017 жылдың қаңтар айында бекіткен тізім бойынша 60 кг салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 1-орында тұр. Спортшы алтын алуға барын салатынын айтып, келесі олипиадаға қатысуы мүмкін екенін жеткізді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.