Жазылған жайттың жаңғырығы

«Qaragandy Habary» газетінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №8 санында жарияланған «200 адам қызмет ететін кен орны консервацияланады» деген мақаладағы мына суретті көргенде Қушоқы кентіндегі «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кен орнында келмеске кеткен Коммунистік партияның пленумы өтіп жатқаны көз алдыңа еріксіз келеді. Президиумда отырғандар кен орнының басшылары болар, артындағы панноға қараңыздаршы, баяғы В.И.Ленин. Суретке қарасаң, 30 жылда панноны алып тастамақ түгіл, жылда бояуын жаңартып, күнделікті шаң-тозаңнан тазартып отырған, Ленин жүдеп қалмасын деген, сірә. Газет билік өкілдері мен оқырмандар арасындағы көпір болғандықтан, облыстық әкімдіктен, Облыстық ішкі саясат басқармасынан, Бұқар жырау ауданы әкімдігінен және Аудандық ішкі саясат бөлімінен түсініктеме күтеміз.

Сәкен Сәбиденұлы Келдібаев,

зейнеткер