Жазда жұмысқа орналасуға болады

Қарағанды қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасуға өтінім қабылдайды. Жалақы 108 430 теңге (аударымдарға дейін).

Қоғамдық жұмыстарға студенттер мен орта мектеп оқушылары (16 жастан бастап) демалыс уақытында, сондай-ақ кәсіпорынның тоқтап қалуына байланысты жұмыспен қамтылмаған адамдар мен жұмыссыздар қатыса алады. Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Жұмысқа орналасу үшін қажет құжаттар:

1. Жеке куәлік;

2. Оқу орнынан анықтама;

3. Ата-ананың жазбаша рұқсаты және оның қатысуы (егер 18 жаста болмаса);

4. 20 таңбалы банктік шот туралы банк анықтамасы;

5. Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса).

Толық ақпаратты 996-394, 996-493, 8-775-644-35-80 (WhatsApp) телефондары арқылы алуға болады. Жұмыспен қамту орталығының мекенжайы: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/4.