Құжаттардың жарамдылық мерзімі өтіп кетсе не істеу керек

Егер ТЖ режимінде құжаттардың жарамдылық мерзімі өтіп кетсе не істеу керектігі жайлы Polisia. kz ақпараттық медиа порталында хабарланды.

Мемлекет басшысының «Төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлықтарына сәйкес ел аумағында келесідей құжаттар жарамды деп танылады:

— Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және жеке куәлігі;

— шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

— азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

— босқын куәлігі;

— пана іздеген адамның куәлігі;

— Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат;

— визалар;

— еңбекші көшіп келушіге рұқсат.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды ауыстыру (ұзарту) ТЖ әрекеті аяқталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмай жүзеге асырылатын болады.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер құжаттарды ауыстыру үшін төтенше жағдай аяқталғаннан кейін 30 тәулік ішінде өтініш бере алады.