Жасыл ел – 2023
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатарына тіркелу басталды. Еңбек маусымына 2023 ж. 1 маусым жағдайы бойынша 14 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастар қатыса алады.
Еңбек маусымына қатысу үшін Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығына (Тәттімбет 709, «Arlan Motors», 2 қабат) жүгініп, тіркеу нысанын толтырып, келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Өтінім берушінің жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі. Егер Сіз кәмелетке толмаған болсаңыз, Сізге ата-ананың немесе заңды қамқоршылардың жазбаша рұқсаты қажет.
2. ЖОО және колледж студенттері үшін оқу орнынан анықтама.
3. Эпидорталығы туралы терапевтен анықтамасы. Оны тіркелген жері бойынша емханадан алуға болады.
4. Жеке банктік шотының болуы туралы анықтама.
5. Әлеуметтік осал топтарға жатқызылатын мәртебесін растайтын құжат (бар болса)
❗️Құжаттар қабылдау мерзімі 24 наурыз айынан 15 сәуір айына дейін.
Қарағанды қаласы бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 1 маусым мен 31 тамыз аралығында ай сайынғы негізде жұмыс істейтін болады.
Байланыс телефоны: 87054106507