ЖАСТАРДЫ ШАҒЫН НЕСИЕЛЕУ

Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатысады.

Несиелеу шарттары:

  • Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%
  • Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін 5 жылға дейін.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.

Несиенің кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда, кепіл беруші (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет. Филиалдардың мекенжайы agrocredit.kz сайтында көрсетілген.

Қажет құжаттар тізімі:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. жоба туралы бизнес-жоспар;
  3. қызмет көрсететін банктен шоттың бар екенін растайтын анықтама;
  4. қаржы ұйымдарынан (несие болған кезде) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама;
  5. қатысушының / үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме);
  6. кепіл мүлікті бағалау есебі;
  7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Барлық сұрақ жөнінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на (Қарағанды қ. Бұқар жырау даңғылы, 53/1, 2-қабат), сондай-ақ 87010061232, 87010061233 нөмірлеріне хабарласыңыз.