Жастар саясаты: Келешегі мен дамуы

Облыстың әрбір бесінші тұрғыны — жас адам. Аймақта 14–28 жас аралығындағы жастар саны 261 153 адамды құрайды (19%). Оның ішінде қалаларда 196 194 адам (75,1 %), ауылдық жерлерде 64 959 адам (24,9 %) тұрады. Осы тұрғыда өңірде жастар саясаты қалай жүзеге асырылып жатыр? Бұл сұраққа Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Біржан Әлімжановтан жауап алып көрдік.

— Жастардың түрлі санатын барынша қамти отырып, жастар саясаты саласындағы жұмысты ұйымдастыру ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын (01.09.2021 жылы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі»), сондай-ақ «Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар», «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы және басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде жүргізіледі.

— Өңірдегі жастардың басым бөлігі немен айналысады? Арнайы статистикалық мәліметтер бар ма?

— Иә, басым бөлігі — студенттер. 2021–2022 оқу жылында облыстың 9 жоғары оқу орны студенттерінің саны 41 192 адамды құрайды, оның ішінде күндізгі бөлімде — 29 460 адам. Басқа қалалардан келген студенттер — 16 691, шетелдік студенттер — 1 955 адам. Колледждерде (67) 38 304 студент, мектептерде (496) 14 жастан асқан 74 056 жеткіншек оқиды. Облыста 1 облыстық және 18 өңірлік жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Облыс бойынша 87 жастар ҮЕҰ ресми тіркелген, олардың ішінде белсенділері: «Жас Отан» ЖҚ, «Қазақстан студенттер Альянсы», «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы», «Қарағанды облысының Жастар одағы», «Жас Орда» жастар қауымдастығы», «Jarkyn bolashaq» және басқалары. Облыс әкімінің, өңір әкімдерінің төрағалығымен өткен жастар ісі жөніндегі кеңестердің отырыстарында жастар саласына қатысты өзекті мәселелер жүйелі түрде талқыланып, шешімдер қабылданады. 2021 жылы ЖІК 59 отырыс өткізді, 168 мәселе қаралды (оның ішінде 2 облыстық ЖІК отырысы, 4 мәселе). Жалпы, жұмыс мемлекеттік жастар саясатының барлық бағыты бойынша, бірінші кезекте ерекше назар аударуды талап ететін мәселелер бойынша жүргізілді.

— Жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

— «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастар арасынан 14 742 адам жұмысқа орналастырылды немесе жалпы жұмысқа орналастырылғандардың 39 % (37 478 адам). «Жастар практикасы» (2020 жылы — 1 436 адам, 2021 жылы — 1 041 адам), «Бірінші жұмыс орны» (2021 жылы — 132 адам), «Дипломмен — ауылға» (466 маман немесе 79 % көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит алды), «Жасыл ел» (2020 жылы — 1 413 адам, 2021 жылы — 1 889 адам) жобалары табысты іске асырылуда. «Жасыл ел» туралы айта кетейін, біз жастар еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеп, өңірлерге жеткіздік. «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытындағы («Жаппай кәсіпкерлікті дамыту») «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 595 адам жіберілді немесе 33 % (барлығы — 1 816); 480 грант берілді немесе 39% (барлығы — 1 230); бизнесжобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырған бағдарлама қатысушыларына 217 шағын несие берілді немесе 24% (барлығы — 909).

Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға үнемі көңіл бөлінеді. Бизнесті қолдауға арналған мақсатты гранттардың жалпы бюджеті 6,6 %-ға ұлғайтылып, 282,8 млн. теңгені құрады (321 адам). 2022 жылға гранттар сомасын 2,0 млн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Осыған ұқсас жобалар облыстың барлық қаласы мен аудандарында іске асырылуда. 2021 жылы жалпы сомасы 182,8 млн. теңгеге (2020 жылы — 165,2 млн. теңге) 221 грант (2020 жылы — 124 грант) бөлінді. Жас кәсіпкерлердің қызметіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі

— Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі қандай?

— Статистика органдарының деректеріне сәйкес, 2021 жылғы ІІІ тоқсанда жастар жұмыссыздығының деңгейі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,8 %-ға төмендеді (2020 жылғы ІІІ тоқсан — 5,1 %, 2021 жылғы ІІІ тоқсан — 4,3 %); NEETжастардың үлесі 2,1 %-ға төмендеді (2020 жылғы ІІІ тоқсан — 12,0 %, 2021 жылғы ІІІ тоқсан — 9,9%).

— Әлеуметтік жағдайы төмен жастарға қандай көмек көрсетілуде?

— Бірнеше жылдан бері облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кешенді жоспары жүзеге асырылуда. 2020–2022 жылдар аралығында облыс өңірлерінде барлығы 669 пәтер бөлінеді (2020 жылы — 166, 2021 жылы — 252, 2022 жылы — 251), 01.01.2021 жылғы жағдай бойынша, 232 пәтер бөлінді (92 %): облыс қалаларында — 171 пәтер, аудандарда — 61 пәтер. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің тағы бір шарасы — Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасы аясында жатақханалар салу және реконструкциялау. 2025 жылға дейін облыс бойынша 1 382 орынға арналған 7 жатақхана пайдалануға беріледі. 2021 жылы 482 орынға арналған 5 жатақхананы пайдалануға беру жоспары орындалды.

— Ал жас мамандар мемлекет тарапынан қандай көмек ала алады?

— Әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің жас мамандарына пәтер бөлу «Дипломмен — ауылға» жобасы аясында да жүзеге асырылады. 2021 жылы 233 маманға (білім беру саласы маманына — 127, денсаулық сақтау саласы маманына — 54, мәдениет саласы маманына — 9, спорт саласы маманына — 13, агроөнеркәсіптік кешен маманына — 8, мемлекеттік қызметшіге — 22) тұрғын үй сатып алу үшін 1 млрд. теңгеден (1 022,5 млн. теңге) астам сомаға бюджеттік кредит бөлінді. Көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит алған мамандардың жалпы санынан жастардың үлесі 79 %-ды құрады. Бұл — 29 жасқа дейінгі 466 маман (592 маманнан).

— 2020 жылда, еріктілер жылында, пандемия кезінде волонтерлер көп жұмыс атқарды. Қазіргі уақытта өңірдегі еріктілер ұйымының жұмысы қалай жандануда?

— Облыста волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша іс-шаралар кешені іске асырылуда. Еріктілердің аймақтық фронт- кеңсесі жұмыс істейді. 2021 жылы 741 іс-шара өткізіліп, 25 524 адам қамтылды. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында еріктілер қозғалысын дамыту және қолдау жөніндегі жобаларды іске асыруға қаржыландыру көлемін жыл сайын арттыру жоспарланған. 2022 жылы облыстың волонтерлік ұйымдары арасында 5 млн. теңге сомасына гранттар конкурсын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Еріктілердің жекелеген бастамаларын бизнес қауымдастық қолдайды. Мысалы, дарынды жастарды қолдау қоры «JasFund» құрылды (5 млн. теңге), оларға республикалық және халықаралық конкурстарға қатысу үшін, БЖК дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін қаржылық көмек көрсетіледі. 2021 жылы әлеуметтік желілерде «JasPro» бірыңғай аккаунты, Instagram, Facebook желілерінде жұмыс ұйымдастырылды.

— Облыста жастар бос уақытын қайда және қалай өткізеді?

— Облыста 12 коворкингорталық (Балқаш, Жезқазған, Приозерск, Сәтбаев қалалары, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет, Бұқар жырау аудандары), облыс орталығында 2 коворкинг («Good zone» және «Qoldau» еріктілер орталығы) жұмыс істейді. 2021 жылдың желтоқсан айында Бұқар жырау ауданында (Ботақара кенті) 2 коворкинг- орталық ашылды. Республикалық бюджеттен 7,5 млн. теңге бөлінді, Жезқазған қаласындағы «Жастар сарайы» жастар үйінде IT-технологиялар, генезис кабинеті бар «Бірлік» еріктілер штабы жұмыс істейді. Астыңғы қабатында үстел теннисі ойындары, садақ ату, шахмат, дойбы және басқалары бар.

— Биылғы жылы қандай жаңа жобалар іске асатын болады?

— 2022 жылы жастар саласының өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

1) облыс жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету:

  • жас мамандарға арналған ипотекалық бағдарламаны іске қосу (100-ден кем емес ипотекалық қарыз);
  • жетім балаларға тұрғын үй бөлу бойынша кешенді жоспарды іске асыру (251 пәтер);
  • Қарағанды медицина университетінің студенттер жатақханасын іске қосу (400 орын).

2) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру:

  • грант сомасын ұлғайта отырып жастар кәсіпкерлігін қолдау (2,0 млн. теңгеден 100 грант);
  • жастар арасында кәсіби дағдыларын қалыптастыратын курстар (мобилография, веб-әзірлеу, графикалық дизайн және т. б.);
  • «Жасыл ел» МТҰ қызметін жаңарту, яғни автоматтандыру және қатысушылар үшін жағдайды жақсарту. 3) жобалар мен іс-шаралар:
  • әскери- патриоттық жұмысты күшейту (ҚІД-мен бірлесіп, әскерге шақырылуға дейінгі жастармен жұмыс);
  • ұйымдастырылмаған және NEET-жастармен жұмыс (атаулы ақпараттық және консультациялық жұмыс, бос уақытты ұйымдастыру);
  • өңірлердің ЖРО кадрлық әлеуетін дамыту (оқыту ісшаралары, семинарлар мен тренингтер).

4) «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының индикаторлары:

  • жастарды волонтерлік қызметке тарту (82,6 мың адам, фронт-офис жұмысын жандандыру);
  • жастардың әлеуметтік қызметтерімен қамту (41,9 мың адам);
  • экологиялық жобалармен қамту (8,9 мың адам);
  • Eljastary инфонавигаторының қатысу деңгейі (48,9 мың).

2021 жылы мемлекеттік жастар саясаты саласында айтарлықтай жұмыс жүргізілгенін атап өткім келеді. Сонымен қатар біз жастардың шығармашылық әлеуетін ашу және өзін-өзі таныту үшін жағдайлар мен ынталандырулар жасау бойынша жұмыстың тиімді әдістерін іздестіруді жалғастырудамыз.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА,

«QH»