Жастарға қандай қолдау бар?

Мемлекет жастардың әлеуметтік ахуалына айрықша мән беріп, оларды еңбекпен қамту, қолдау көрсетуге басымдық беріп отыр. Бұл бағытта арнайы мемлекеттік бағдарламалар да бар. Біз газетіміздің бүгінгі санында жастарға жұмыс ұсынатын мемлекеттік бағдарламалар туралы және оларға қатысу жолдары жайлы ақпарат ұсынуды жөн көрдік. Сонымен…

«Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаны жүзеге асырудың құқықтық негізі

  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы.
  2. «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаулысы.

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі

ЖОО-ны мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:

  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік қамтамасыз ету;
  • мәдениет және спорт;
  • ветеринария.

Мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады:

  • 100 АЕК мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын төлеу;
  • 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;
  • ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25% кем емес (қалалық елді мекенде) арттыру.

Бағдарламаға қатысу үшін:

  • Сіз таңдаған елді мекеннен жұмысты өзіңіз табуыңыз (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);
  • жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беру;
  • жұмысты өзіңіз іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіну;
  • аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.

Қайда шағымдану қажет?

Тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына немесе білім бөліміне.

Қандай құжаттар қажет?

Көтерме жәрдемақы алған кезде:

  • өтініш;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • білімі туралы құжаттың (дипломның) көшірмесі;
  • жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  • көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер.

Тұрғын үйді сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін қосымша:

  • сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
  • неке туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
  • аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама ұсынылады.

Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде қосымша:

  • маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
  • кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
  • кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
  • берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім;
  • неке туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда).

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады. Жоғарыда аталған құжаттардан басқа құжаттарды ұсынуды үміткерден талап етуге жол берiлмейдi.

Әлеуметтік жұмыс орындары

Бағдарламаны жүзеге асырудың құқықтық негізі

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі

Әлеуметтік жұмыс орны жұмыс беруші мен Халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы келісімшарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялау арқылы құрылады.

Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша болады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Субсидия мөлшері айына белгіленген жалақы мөлшерінің 35%-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеудің бір бөлігін жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшер негізге алына отырып, ай сайын нақты жұмыс істеген уақыты үшін дербес жүргізеді.

Қайда шағымдану қажет?

Тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына.

Қандай құжаттар қажет?

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом).

Жастар практикасы

Бағдарламаны жүзеге асырудың құқықтық негізі

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары.

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі

Жастар практикасы білім беру ұйымдарының түлектері үшін түлектердің алған мамандығы (кәсібі) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылады.

Жастар практикасына оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл жұмыссыз жүрген 29 жастан аспаған тұлғалар жіберіледі.

Жастар практикасының ұзақтығы 12 айға дейін.

Еңбекақы ай сайын төленеді.

Қайда шағымдану қажет?

Тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына.

Қандай құжаттар қажет?

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
  • білімі туралы дипломның көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом);
  • арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса).