Жарқын фестиваль

Қарағанды қаласында «Дала Skills» атты жарқын фестиваль өтті. Шара сәндік-қолданбалы өнердің, сондай-ақ қазақ мәдениеті мен спортының нағыз мерекесіне айналды.

Батыс Қазақстан өңірінен бастау алған «Дала Skills» фестивалі биыл Қарағанды техника-құрылыс колледжінде ұйымдастырылды. Оған жергілікті оқу орындарының өнерлі жастары қатысты.

– Шараның ең басты мақсаты – ұлттық құндылықтар. Қолөнер арқылы қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге шақыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Біздің бүгінгі өңірлік фестивалімізге бірнеше колледжден 300-дей студент қатысып отыр. Қосымша құзыреттілік алып шығады, жастардың дамуына үлкен мүмкіндік бермек, – деп атап өтті Қарағанды техника-құрылыс колледжінің директоры Әсел Сапарова.

Фестивальда студенттер сәндік-қолданбалы өнердің түрлі байқауынан өнер көрсетті. Керамикалық бұйымдар, кесте тігу, кескіндеме және әр түрлі қолданба – бәрі шара қонақтарының таңданысын тудырды. Әрбір жәдігер жас шеберлердің еңбегі мен шығармашылық қуатына толы болды. Қазақ асханасының тағамдары қойылған кең дастарқан ерекше назарға алынды. Дәстүрлі тәттілер фестиваль қонақтарына тек талғампаз дәмдерден ләззат алуға ғана емес, сонымен қатар ұлттық дәмнің атмосферасына енуге мүмкіндік берді. «Дала Skills» фестивалі қатысушылар мен қонақтарға көптеген жарқын әсер сыйлап қана қоймай, жас таланттар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Олардың кейбірі жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Маңғыстау қаласында өтетін «Dala beceri – 2024» ұлттық фестиваліне жолдама алады. Іс-шараның барлық қатысушысы риза болды және олар өздерінің қабілеттері мен жетістіктерін тағы да көрсете алатын осындай жаңа фестивальдарды асыға күтуде.

Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»