«Жайдарман» КТК ойындарында үздік деп танылды

Қыркүйек айының басында Семей қаласында өткен Республикалық Жайдарман КТК ойындарының телевизиялық бірінші лига ойындары болып өткен еді. Онда Алматы, Атырау, Семей, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Ерейментау қалаларынан келген 10 команда қатысты. Ширек сайыста Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «КарТУ» атты командасы үздік деп танылып, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық ойынға жолдама алды. Облыстың намысын қорғап жүрген жастарымызға сәт дей отырып, алдағы ақтық мәреден дарабоз болып танылуына тілектестік білдіреміз!