Жақын арада мен сайлауалды тұғырнамамымды ұсынамын — Қ.Тоқаев

«Жақын арада мен елді жан-жақты өзгерту, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту шараларын көрсететін сайлауалды тұғырнамамды ұсынамын. Менің терең сенімім бойынша, біздің мемлекет өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған теңгерімді, көп бағытты, сындарлы сыртқы саясат жүргізуі керек», – деді Президент халықтық коалиция форумында.


«Қазақстан халықаралық қатынастарда, халықаралық құқықта және БҰҰ Жарғысында теңдік пен демократия қағидаттарының берік сақталуын әрқашан жақтайтын болады. Қазақстан БҰҰ-ның әмбебап және балама емес халықаралық ұйым ретіндегі беделін нығайтуға белсенді түрде күш салады. Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар сияқты маңызды ұйымдармен ынтымақтасатын боламыз, сондай-ақ Өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің әлеуетін күшейтетін боламыз», — деді Қ.Тоқаев.