Жаңа жұмыс орындары ашылады

Саран қаласындағы индустриялық аймақта тұрмыстық техника зауытының құрылысы жалғасуда. Қазіргі таңда қажет жабдықтардың алғашқы бөлігі алынып, монтаждау жұмыстары басталған. Зауыт құрылысы толық аяқталған соң, жүзге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Облыс әкімі Ермағамбет Бөлекбаев жұмыс сапары барысында индустриялық аймақтың тынысымен танысып қайтты.

Қазіргі уақытта мұнда бес жоба жүзеге асырылуда. Бұл шина жасау, Artel тұрмыстық техникасы, ыстық мырыштау, болат түзу дәнекерленген электр дәнекерлеу құбырлары және мырышталған болат зауыттарының құрылысы. 2,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

«Silk Road Electronics» ЖШС директоры Талғат Әбдірахманов өңір басшысын тұрмыстық техника зауытындағы жұмыстар барысымен таныстырды.

– Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жабдықтарды монтаждау жалғасуда. Біз жабдықты 15% алдық. Айдың соңына дейін 30-40%-ға жеткізіледі деп күтіп отырмыз. Анағұрлым күрделі технологиялық жабдық (дәнекерлеу, термопластикалық машиналар және т.б.) жыл соңында келуі тиіс. Біз үлкен құрылысты тамыздың аяғында не қыркүйектің басында бастауды жоспарлап отырмыз. Қызметкерлерді қабылдай бастау керек. Келесі аптада шикізат пен материалдарды жеткізуге арналған шартқа қол қоямыз, – деді Талғат Әбдірахманов.

Толық қуаты жылына 1,1 млн өнім өндіруге кәсіпорын 2025 жылға қарай шығуы тиіс. Бастапқы кезеңде Саран, Шахтинск және Қарағандыдан 100-ден астам адам жұмысқа орналасады. Қызметкерлерді оқытуды компанияның өзбекстандық серіктесі жүргізеді. Алғашқы 15 адам Ташкентте тағылымдамадан өтті. Жұмысшыларды оқыту үшін Өзбекстаннан Саранға арнайы мамандар келді.

Сондай-ақ жетіспейтін инфрақұрылымды индустриялық аймаққа және шина зауытына жеткізу жүріп жатыр. Облыс әкімін су тазарту құрылғыларының құрылысымен таныстырды. Модульдық ғимарат монтаждалуда. Мұнда өндірісте қолданылатын техникалық суды тазартуға арналған технологиялық жабдықтар орналастырылады.

Өңір басшысы орталық жылу көзіне де барды. Мұнда бас корпустың құрылысы және бірінші қазандықты байланыстыру аяқталды. Қалған үш қазандық, циклондар мен сорғы жабдықтарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Мердігер үйлерге жылу желілерін тартып, жылу тораптарын орнатады. 310 жылу пунктінің 40-ы дайын. Жыл соңына дейін 121 үйді орталықтандырылған жылуға қосу жоспарлануда.

Облыс әкімі Ермағамбет Бөлекбаев мердігерге жұмыс кестесінен қалыс қалмауды, ал жергілікті билікке жылыту маусымына қолда бар қалалық қазандықтарды дайындауды, көмір сатып алуды бақылауды және барлық жерде пеш жағатын жұмыскерлер жалдауды тапсырды.