Жаңа Конституция – білімді және инновациялық қазақстанның берік негізі

Конституцияда ғылым мен білімге қатысты нормалардың күшейтілуі – ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық бағытын айқындайтын аса маңызды қадам.

Бұл өзгерістер Қазақстанды білімге, зияткерлік әлеуетке және инновацияға сүйенген мемлекет ретінде орнықтыруға бағытталған.
Ғылым мен білім – кез келген елдің экономикалық қуаты мен бәсекеге қабілеттілігінің басты тірегі. Конституциялық деңгейде білімнің қолжетімділігі, ғылымды дамытуға мемлекеттік қолдау, академиялық еркіндік пен зерттеу қызметінің дербестігінің бекітілуі жоғары оқу орындары мен ғылыми қауымдастық үшін жаңа серпін береді.