Жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Саят Шаймин Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болып тағайындалды.

Шаймин Саят Қанатұлы 1991 жылы туған. 2 жоғары білімі бар: 2011 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы «Қарағанды Жолдары» ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің маманы болып бастаған.

2012 жылдан 2015 жылға дейін «Қарағанды Жолдары» ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2015 жылдан 2019 жылға дейін Астана қаласы «Қазавтожол» АҚ күрделі құрылысты басқару желісін дамыту департаментінде жұмыс істеді.

2019 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың наурызына дейін Қарағанды облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.

Бұрын аудан әкімі қызметін атқарған Мейрам Мұратұлы Кожухов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.