Жаңа басшы таныстырылды

Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Оралбек Омаров Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің жаңа басшысын жеке құрамға таныстырды.

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы ЖПб бастығы болып полиция подполковнигі Бағлан Жарылқасынұлы тағайындалды.

Б.Жарылқасынұлы ішкі істер органдарында 2006 жылдан бері қызмет етеді. Осыған дейін ол Көліктегі ПД тылдық қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған болатын.

– Баршаңызға мәлім, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдына полицияның кәсіби сервиске бағдарланған моделін «жазалаушы» органнан адамға бағытталған модельге бейімдеу міндетін қойды. Бүгінгі күні осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында нақты жұмыстар атқарылуда. Әсіресе полиция қызметкерлерінің заңдылықтарды сақтай отырып өз міндеттерін адал атқаруы, азаматтардан келіп түскен әрбір өтінішке жанашырлықпен қарауы талап етіледі, – деді Оралбек Омаров.

Сондай-ақ ол жеке құрам арасында тәртіп сақтауға және полицейлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге тиіс екенін нықтап айтты.