Жүзу бассейндері ассейндері жетіспейді

Қарағанды облысында жүзу бассейндері жетіспейді. Жезқазған қаласында және Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Ұлытау, Шет, Қарқаралы аудандарында мүлдем жоқ. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаевтың айтуынша, халық сұранысына орай әлі де 25 метрлік 74 бассейн салу қажет. Қазір Шахтинск пен Қаражал қалаларында құрылысы басталған. Ал Қарағандыда 50 метрлік бассейн салу жоспарда. Өкінішке қарай, аймақта ашық спорт алаңдары да аз. Бұқаралық спортты лайықты деңгейде дамыту үшін 177 алаң қажет. Дегенмен Қарағанды облысы спорт нысандарын салудан еліміз бойынша алғашқы үштікке еніп отыр екен. Яғни жұртты жаттығу залдарымен қамту көрсеткіші әрбір мың адамға шаққанда 63 процентті құрайды. Қазір өңірде барлығы 3 280 спорт ғимараты жұмыс істесе, соның 1 267-сі ауылдық жерлерде. Тек соңғы екі жыл ішінде 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынған.

Асыл АЙБЕК, «QH»