Жұмыссыз қарағандылықтарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады

Қарағанды қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы 23 қыркүйекте Еңбек күніне орайластырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады. Қала тұрғындарын сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін «Каскад» СОО-да күтеді.

Жәрмеңкеде жұмыссыз қарағандылықтар, ЖОО және орта білім оқу орындары түлектері мен жастарға жұмысқа орналасуға көмектеседі.

«Каскад» СОО Мартбек Мамыраев шағынауданы, 24/1 учаскесі мекенжайында орналасқан.

Анықтама телефондары: 996-397, 996-393, 8-775-644-35-80 (WhatsАpp).