Жұмыспен қамту
Жұмыссыздық деңгейін төмендету және жұмыспен қамту деңгейін арттыру мақсатында Қарағандыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Онда қаламыздың 42 жұмыс берушісінен 800-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды.
Іс-шараның мақсаты — жұмыс беруші мен ізденуші арасындағы тікелей байланыс арқылы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Шара аясында 430 азаматқа 2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде консультация берілді.
Жәрмеңкеге жоғары оқу орындары, колледждердің түлектері шақырылды, оның ішінде 73 азаматқа жұмысқа орналасу үшін жолдамалар берілді. Тағы 5 жолдама пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға берілді.
Жәрмеңкеге жұмыс берушілерден басқа: Пробация қызметі, ҚАЖД, Жеке сот орындаушылары, Әділет департаменті, сондай-ақ “Ten Qogam” ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы қатысты.
Жәрмеңкеге келушілер үшін “Кәсіптік оқыту” және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша, оның ішінде “Күміс жас”, “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны”, “Ұрпақтар келісімшарты”, “Әлеуметтік жұмыс орны”, “Қоғамдық жұмыстар”, бағыттары бойынша консультациялық жұмыс ұйымдастырылды.
Еске салайық барлық вакансияларды enbek.kz порталында көруге болады.
Байланыс телефоны: 8(775) 644 3580 (WhatsApp-қа жазуға болады).
Қарағанды Мансап орталығының ақпараты негізінде