Жұлдызы биік жыр-жауһар

Қарағандылық зиялы қауымға етене таныс «Жыр-Жауһар» шығармашылық орталығының құрылғанына 15 жыл толды. Н.В.Гоголь атындағы кітапхана жанынан он бес жыл бұрын ашылған аталмыш клуб әу баста қаладағы шығармашыл жастардың отауы сынды құрылып, бүгінге дейін ұлкен орталыққа айналып үлгерген. Клуб мүшелерінің алды қазір республикаға танымал ақын-жазушы, ғалым, өнерпаз азаматтар.

Жақында облыстық кітапханада өткен мерейтойлық шарада «Жыр-Жауһар» түлектерінің көзайым кездесуі, онбесжылдық есеп беруі ұйымдастырылды. Клуб мүшелері тұрлі номинациялар бойынша марапатталып, орталыққа жаңа жас буын өкілдері қабылданды. Кітапхана директоры Д.Аманжолова, клуб мүшесі Э.Сайлауқызы бастаған жыржауһарлықтар ұйымдастырған, С.Кенжебаев сынды жанашыр демеушілер қолдаған тамашалы шараға қоғам белсенділері, ақын-жазушылар, журналистер қатысты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.