Өзгерістер – болашаққа апаратын жол

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан өзін қалыптасқан мемлекеттік институттары мен бәсекеге қабілетті экономикасы бар демократиялық, зайырлы және жетілген мемлекет ретінде жариялады. Сонымен қатар тұрақты мемлекеттік аппарат құрылды, мемлекеттік қызмет институттары жетілдірілді, басқару құрамының тиімділігін арттыру шаралары қабылданды.

Қолданыстағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң және заңға тәуелді актілер лауазымдардың жіктелуін, жаңа еңбекақыны айқындады, конкурстар мен тестілеу өткізу, тәртіптік жаза қолдану, мемлекеттік қызметшілерді оқыту және т.б. рәсімдерін ретке келтірді.

Конкурстық іріктеу жүргізу арқылы азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуге конституциялық құқығын іске асыру тетігі бекітілді. Мемлекеттік әкімшілік қызметке конкурстық іріктеуді және меритократия қағидатын сақтай отырып, қызметте ілгерілеудің конкурстық сипаты енгізілді.

Конкурстық рәсімдер өткізудің жариялылығы еліміздің барлық азаматы үшін мемлекеттік органдардағы бос лауазымдар туралы ақпаратты қолжетімді етті.

Бұдан басқа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде «Б» корпусының белгілі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.

Сондай-ақ ЖОО-ның үздік түлектері бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі орындаушылық лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындалуға мүмкіндік алады.

Бақылаушылар ауқымы едәуір кеңейді. Енгізілген өзгерістер мен түзетулерден кейін байқаушылар ретінде конкурстық комиссияның отырысына кемінде он сегіз жыл Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің толыққанды стратегиялық HR-институты болуы туралы айтылды.

Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Осы кезеңде тиісті ұсыныстар әзірленді.

Кадрлық рәсімдерді цифрландыруға, конкурс өткізудің ашықтығын қамтамасыз етуге және меритократия қағидатын іске асыруға барынша көңіл бөлінеді.

Агенттік жұмысында жаңа құралдар мен тәсілдер қолданылады, олар: рекрутинг, талант-менеджмент, ассесмент және т.б.

Бұл ретте іріктеу процесінің ашықтығы мен клиентке бағдарлануы конкурстық рәсімдерді толық цифрландыру жолымен қамтамасыз етілетін болады. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін жаңғырту жұмыстары басталды, онда іріктеудің барлық кезеңі автоматтандырылатын болады.

Сонымен қатар әрбір әкімшілік лауазымға біліктілік талаптары белгіленді, олар білімі, тәжірибесі мен құзыретіне сәйкес келетін азаматтарды мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға кепілдік береді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтегі HR-құралдар қайта қаралатын болады.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен құзыреттерді, оларды бағалау және оқыту жүйесін, Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін қайта қарау ұсынылады. Сонымен қатар ағымдағы жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында HR-институт ашу жоспарлануда.

Біздің мақсатымыз – патриот және әділ, өз ісіне берілген кәсіпқой болуға тиіс қызметшінің жаңа буынын қалыптастыру. Заңнамаға енгізілген өзгерістер азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін, меритократия қағидатын, жүргізіліп жатқан рәсімдердің ашықтығын тануды, мемлекеттік қызметшілердің дамуына көмектесуді, олардың кәсібилігін арттыруды көрсетеді.

Ербол ЖОЛДАНҒАР,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы