Зейнеткерлер назарына

Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Осы заңмен «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға елеулі түзетулер енгізілді, оның бірі – 2003 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңде қызметтен шыққан, жұмыстан шығарылған күні жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, соның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын және қызметте болудың шекті жасына жету бойынша не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан шығарылған ішкі істер органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығын қамтамасыз ету.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшері қызметтен шығарылған күнге белгіленеді және төлем Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттырулар ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күннен бастап жүзеге асады.

Осыған байланысты және 2003-2016 жылдар аралығындағы кезеңде қызметтен шыққан ішкі істер органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы қызметкерлерінің құқықтарын сақтау мақсатында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінен зейнетке шыққандар ЖПБ кадр саясаты бөліміне жүгінуі қажет, телефоны: 8 7212 93250.

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімі