Үздік тауар таңдалады

Қарағанды Орталық саябағында 15 шілдеде «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-конкурсының қорытындысы шығарылады. Қарағандылықтар жергілікті тауарлардың алуан түрін тамашалап қана қоймай, көргендерін сатып алуына да болады. Кіру тегін.

Өз өнімдерін қарағандылық 70-ке жуық жергілікті өндіруші ұсынады. Кәсіпкерлер «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық үшін үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жеңіске жету үшін сайысатын болады. Сонымен қатар Қарағанды облысы әкімінің арнайы сыйлығы тағайындалды.

Республикалық байқауда өңірдің намысын қорғауға аттанатын тоғыз жеңімпаз анықталады. Сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың көрмесі өтеді. Өз тауарын ауылдың 20 кәсіпкері ұсынбақ.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы – 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы іске асыратын «Мен кәсіпкермін» бағдарламасының құрамдас бөлігі.

«Қазақстанның үздік тауары – 2023» көрме-конкурсы сағат 10:00-де басталады.