Үздік сақшылар марапатталды

Қарағанды қаласының ПБ аумағында гарнизондық саптық байқау өткізілді. Саптық байқауға Қарағанды облысының ПД және Қарағанды қаласы полиция басқармасының бірқатар басшылары қатысты. Аталған ісшарада Қарағанды облысының ПД бастығы полиция полковнигі Ерлан Файзуллин Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің бірқатар қызметкерлерін марапаттады.

Атап айтсақ ҚР ІІМ «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін медалімен» және «Ішкі істер министрлігінің нышаны бар қол сағаты» бағалы сыйлығымен Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Бауыржан Түсіпбеков, қызмет инспекторы полиция лейтенанты Ильдар Касенов, қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Құрмет Кунанбаев, қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Азамат Акимжанов, рота командирінің орынбасары полиция капитаны Илия Жаканов марапатталды.

— Сіздер еліміздің тыныштығын, қауіпсіздігін қорғауда және азаматтардың конституциялық құқығын сақтауда ерліктің ерен үлгісін көрсеттіңіздер. Полиция қызметкерлерінің абыройын асқақтатуға қосып жүрген еңбектеріңізге табыс тілеймін,- деді Ерлан Файзуллин.

Сонымен қатар облыстың бас полицейі тәуліктік қызметке түскен патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Нағима ӘШІМҚЫЗЫ

Қарағанды қаласы ПБ