«Үздік ауыл әкімі» өңірлік кезеңінің қорытындысы

«Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының облыстық деңгейдегі жеңімпазы болып Нұра ауданы Баршын ауылының әкімі Муханалиева Зауре Казанбаевна танылды.

Аталған байқау Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен ұйымдастырылды.

Байқауға облыстың 5 ауыл әкімі, атап айтқанда, Абай ауданының Есенгелді ауылдық округінің әкімі — Григорьян Анжела Людвиговна, Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық округінің әкімі — Куанышбаев Ержан Серикович, Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің әкімі — Каспаков Арман Толегенович, Осакаров ауданы Звездный ауылдық округінің әкімі — Кудайбергенов Рустем Кудайбергенович және Нұра ауданы Баршын ауылының әкімі Муханалиева Зауре Казанбаевна қатысты.

Конкурстық комиссия шешімді, ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін, ауыл тұрғындары арасында жүргізілген онлайн дауыс беру және әдеп жөніндегі уәкіл сауалманасы қорытындыларының, сонымен бірге жобалық жұмыстары мен әңгімелесу нәтижелері негізінде қабылдады.

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурстың 2-кезеңінде Қарағанды облысы атынан қатысатын үміткер З. Муханалиеваға сәттілік пен жеңіс тілейміз!