Үздік атану — табандылардың ғана қолынан келетіс іс…
Қарағандыда қазан айының 11 мен 13 аралығында ҚР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының роталық буынының командирлік құрамы арасында байқау-конкурстың екінші кезеңі өткізілді.
Конкурста «Үздік рота командирі», «Үздік рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары», «Үздік взвод командирі» дене шынығуы мен тактикалық білімдері мен мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтары бойынша сыңға салынды.
Аталмыш додаға өңірлік қолбасшылыққа қарасты Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарындағы қызметтік-жауынгерлік міндеттерін үздік орындап, бөлім санатында үздік атанып әскери бөлімінің намысын қорғағалы келген 20-ға жуық сардар қатысты.
12 қазанда Қарабас кентіндегі оқу орталығында (атыс алаңында) роталық буын командирлік құрамының офицерлері – 100, 3000 метрге жүгіру, белтемірге тартылу және Макаров тапаншасы мен Калашников қаруынан ату бойынша жарысы өткізілді.
13 қазан күні мемлекеттік-құқықтық дайындығы, тактика, саптық дайындық, рота мүлкін жүргізу сияқты пәндерінен сыналды.
Байқаудың қортындысы бойынша:
Үздік рота командирі — 5516 әскери бөлімінің 1 жедел мақсаттағы рота командирі капитан Өмірбай Айбек Айдарханұлы;
Үздік рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары — 6505 әскери бөлімінің 7 атқыштар рота командирінің әрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары лейтенант Жолдас Бақдәулет Бақытжанұлы;
Үздік взвод командирі — 6505 әскери бөлімінің материальдық, техникалық қамтамасыз ету ротасының взвод командирі лейтенант Капаров Ерназар Кинжебайұлы.
«Орталық» өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков жеңімпаздары құттықтап алдағы жарыстарға жеңіс және әскери қызметінде жеңілдік тіледі.
Байқаудың 2-ші кезеңінде үздік деп танылған офицерлер 2023 жылдың қаңтар айында Ел Ордамыз Астана қаласында Өңірлік қолбасшылықтың намысын қорғайтын болады.
ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі