«ZAMANDAS» Байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қарағанды қаласында осымен он төртінші рет «Zamandas» байқауы өтті. Байқауда өңірдің түрлі саласын дамытуға үлес қосқан азаматтар марапатталады. 2010 жылдан бастап конкурс «Біз қарағандылықтармыз» фестивалі аясында Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде қала әкімдігі мен мәслихатының қолдауымен өткізіледі. Биыл «Zamandas» байқауы ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Жоба 2017 жылы Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстар тізіміне енгізілген болатын. Бұл бастаманың авторы – Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы. Байқаудың мақсаты – өз саласындағы табысты адамның ұжымдық бейнесін қалыптастыру.

Жеңімпаздар 6 аталым бойынша анықталды:

– Надежда Хохлова, «Гиппократ» МФ ЖШС директоры «Рақымшылық» аталымы бойынша – салауатты өмір салтын насихаттауға халықты белсенді түрде тарта білгені үшін;

– Нұрлан Қалтаев, «ABADANFC» күрес клубының негізін қалаушы, кәсіпкер, меценат «Батыр» аталымы бойынша – аймақтық (республикалық, әлемдік) деңгейде спорттағы маңызды нәтижелер мен жеңістерге қол жеткізгені, Қарағанды облысында бұқаралық спортты дамытуға белсенді қатысқаны үшін;

– Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның биология және география пәнінің мұғалімі Құндыз Балапанова «Насихат» аталымы бойынша – педагогтердің жас буынын тәрбиелеу және тәлімгерлікті, білім берудің заманауи әдістерін дамытуға қосқан үлесі үшін;

– Қанат Бакраев, Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің әртісі «Шабыт» аталымы бойынша – Қарағанды өңіріндегі мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі, шығармашылық табыстары және Қазақстан мен өз өлкесінің мәдени мұрасын халық арасында насихаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізгені үшін;

– «Мэйкер» ЖШС («Maker») «Табыс» аталымы бойынша – қазіргі заманғы қазақстандық бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, экономикалық процестерді өндіру мен басқаруға инновациялық тәсілдерді енгізу, әлеуметтік жауапты бизнесті қалыптастырғаны үшін;

– «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының директоры Ләззат Қожахметова «Ұстаным» аталымы бойынша – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға, халық арасында азаматтық бастамаларды насихаттауға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша тағы бір мерекелік номинация – өз қызметіндегі елеулі жетістіктері және Қарағанды қаласының цифрлық экономика саласындағы индустриялық-инновациялық дамуына қосқан үлесі үшін берілетін «Біздің заманның қаһарманы» анықталды. Осы номинация бойынша қаланың жетекші компаниялары мен жас IT-мамандарына құрмет көрсетілді:

– «Перспектива» ғылымиөндірістік бірлестігі ЖШС;

– «Гексабит» ЖШС;

– «SAABR» ЖШС директоры Абай Отарбаев, «PIXEL» ЖК, «Workapp Сервис» ЖШС;

– Сабира Ниязова, ЖШС операциялық директоры «BelsendiAzamat.kz урбанистика орталығы», «Орталық урбандалу» ЧМУ.