Заманауи зертхана ашылды

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде екі заманауи зертхана ашылды. Олар оқытушылар мен студенттердің жұмысын жеңілдетуге арналған. Шет тілдері факультеті жанынан SMART-lab цифрлық құзыреттілікті дамыту және бағалау орталығы жұмыс істей бастады. Ол ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты арқасында құрылды.

Орталықтың басты міндеті – барлық бейіндегі педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту, қалыптастыру және бағалау.

– Цифрлық құзыреттілік – педагогикалық жұмысты ұйымдастыруға және цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік беретін білім мен қолданбалы дағдылар мен көзқарастар жүйесі. Бұл – ақпаратты іздеу қабілеті, сабақтарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігі, тиімді желілік өзара әрекеттесу, ақпаратты тиімді ұсыну. Дәл осы құзыреттерді біздің орталық дамытатын болады. Толығырақ ақпаратты біздің ЖОО-ның buketov.edu.kz ресми сайтынан білуге болады, – дейді жоба жетекшісі, шет тілін даярлау теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Ғалия Саржанова.

Орталық заманауи жабдықтармен, соның ішінде компьютерлермен, ноутбуктармен, DigiTouch интерактивті панелімен жабдықталған.

Бағдарламалық жасақтама оқытушыларға дизайнерлер мен бағдарламашыларды тартпай-ақ бейнедәрістер жазуға, тестілеу ұйымдастыруға және цифрлық өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.

Мұнда біліктілікті арттыру курстары, жаппай ашық онлайн курстар өткізіледі, сондай-ақ Student’s science HUB аясында жас ғалымдарға қолдау көрсетіледі.

Педагогтер үшін бірнеше пайдалы цифрлық платформаны іске асыру жоспарлануда.

Ал физика-техникалық факультетте Электроника, аспап жасау және робототехника оқу-зерттеу зертханасы пайда болды.

Студенттер мен магистранттарды электронды аспаптарды, микроконтроллер құрылғыларын, робототехникалық жүйелер жобалаудың, құрастырудың және дайындаудың заманауи әдістеріне үйрету үшін қажет нәрсенің бәрі бар.

Зертхана өнімділігі жоғары бес компьютермен қамтамасыз етілген, үш 3D-принтер, түрлі құрал (бұрағыштардан реактивтермен жұмыс істеуге арналған химиялық шкафқа дейін) сатылып алынған.

– Зертханада жұмыстың жоспарлаудан, электронды құрылғы жасаудан бастап, жұмысқа қабілеттілігін тексеруге дейін барлық кезеңі қолжетімді болады. Бізде фотополимерлі 3D-принтер бар. Ол фигураның қалыптасуы жарықтың әсерінен болады. Бұл принтер анағұрлым дәлірек, бізге бұрын қолжетімді емес нәрселерді жасауға мүмкіндік береді. Барлық жабдық заманауи және бір жерде жинақталған, оқытушылар мен студенттерге өте ыңғайлы, – дейді радиофизика және электроника кафедрасының профессоры Дмитрий Афанасьев.