Заңға бағынған құл болмайды

«Астана» өңірлік қолбасшылығында заң қызметкерлерінің ұйымдастыруымен оқу-əдістемелік жиын өтті.  Аталмыш жиынға Қарағанды гарнизонының барлық әскери бөлімдерінен келген заң қызметінің бастықтары мен офицерлері қатысты.

«Астана» өңірлік қолбасшылығының оқу-жаттығу жоспарына сәйкес 2024 жылдың қыркүйек айында «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасының ведомстволық бағынысты әскери бөлімдерінің заң қызметтерінің басшыларымен оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Оқытудың негізгі мақсаты – заң қызметінің қызметкерлерін оқыту және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру. Оқыту барысында заң бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне әскери қызмет туралы заңнаманың, тұрғын үй заңнамасының, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормалары түсіндірілді, сондай-ақ жетіспейтін сомаларды мемлекетке өтеу, талап-арыздар мен шағымдарды жүргізу жұмыстары түсіндірілді. Сонымен қатар күнделікті өмірдегі проблемалық мәселелерді шешу қарастырылған. Жиынға қатысушылар күнделікті қызметте туындайтын түрлі түйткілді мәселелер бойынша өзара тәжірибе алмасып, пікірлерін ортлерін ортаға салды. Оқу-жаттығу жиыны барысында әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасын және дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді білуі бойынша сынақтан өтті. «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының заң бөлімінің басшысы құқықтық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру бойынша міндеттер қойды.

«Бүгінгі жиынның бізге берері мол. Алға қойылған мақсат пен міндет және жоспар өте көп. Біз кәсіби біліктілігімізді үнемі арттырып отыруымыз қажет. Сонымен қатар, заң қызметінде заңдылықтың бұзылуына жол бермей, атқарылған істі адал орындауымыз қажет. Қызмет барысында өзара іс-қимыл органдарымен, мемлекеттік ұйымдармен қызметтік байланысты нығайтып, үнемі тәжірибемен бөлісіп отыру қажет», — деп бөлісті «Астана» өңірлік қолбасшылығы заң басқармасының бастығы әділет подполковнигі, Дәурен Тусупбаев.

Алқалы жиын барысында заң аясындағы келелі мәселелер жөнінде ой бөлісіп, өзара іс-қимыл органдарынан келген қонақтармен тәжірибе алмасса, әскери қызметшілер тест сынақ тапсырып, біліктіліктері тексерілді.