Қызылшаға қарсы қосымша иммундау

6 қарашадан бастап Қарағанды облысының емханаларында 6 айдан 10 ай 29 күндік сәбилерге қызылшаға қарсы басталды. Ал келесі айда 2 -4 жас аралығындағы балалар вакцинациядан өте алады.
Еске салайық, елдегі қызылша эпидемиологиялық жағдайының асқынуына байланысты нәрестелерге қосымша иммундау енгізілген болатын. Қарағанды облысында сырқаттанушылықтың өсуі маусым айынан бастап тіркелген. Бүгінгі таңда аймақта 300-ден астам диагноз қойылған. Жұқтырғандардың көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар, олардың 44 пайызы 1 жастан 4 жасқа дейінгі сәбилер.
Сәбилерге бір компонентті үнді вакцинасы егіледі. Ол Қазақстанда 2003 жылдан бері қолданылып келеді және өзін жақсы жағынан көрсеткен.
– «ККП» деп аталатын аралас вакцина қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундау үшін қолданылады. 2003 жылдан бастап одан дерттің асқынуы тіркелген жоқ, – дейді Қарағанды облысының СЭБД жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Жақия Джашибекова. – Мен ата-аналарды иммундаудан бас тартпауға шақырамын, өйткені кез келген қосымша вакцинация балалар мен жақындарыңызды инфекциялардан қорғайды.
Ересектер де емханаларда қызылшаға қарсы екпе ала алады. Қызылшамен ауырған, сондай-ақ вакцинацияланған балалар және вакцнаға қарсы көрсетілімдері бар пациенттер иммундауға жатпайды. Қосымша иммундаудың негізгі мақсаты – қызылша ошақтарын оқшаулау және аурудың одан әрі таралуын болдырмау.