«Ғылым әлеміндегі таңғажайыптар!»

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының  әдіскері  А.Д.Бугубаеваның  ұйымдастыруымен «Ізденімпаздарға арналған керемет ғылым» жобасы аясында Қарағанды қаласының «Алтын сақа» бөбекжайында 20 ақпанда «Ғылым әлеміндегі таңғажайыптар» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты эксперименталды-модельдік қызмет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Семинар 3 алаң  бойынша:  әртүрлі іс-тәжірбиелерді балалармен ұйымдастырылған  іс-әрекеттер көрсету арқылы жүзеге асырылды. Семинарға тәрбиешілер Азимова А.А, Баюршина М.Я, Байзакова А.К,  Хвитько Е.А,  Корниенко Т. С, Батыкова Н. Ш, Гладаренко Н.А,  Абдыкаримова Э.А,  Гофман М.А,  Сарсембаева Г.Е, Сатыбалдина  К.М. аталған педагогтар өздерінің шеберліктерімен бөлісті.

Бехмухамбетова Мадина Сабитовна өз үлесін қосу мақсатында осы жоба аясында «Кішкентай зерттеушілер» балаларға арналған іс-тәжірбиеге мол кітапшасын жасап, көпшілік педагогтар назарына ұсынды. Бұл кітабында тәрбиеші Мадина Сабитовна балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жасалған зерттеу жұмыстарының бағыттары, зерттеу күнделіктері, бақылау парақтары және балаларға зерттеу жұмысының  соңында мадақтайтын төс алқалары мен мадақтама қағаздарын да қарастырылғанын айтып таныстырып өтті. Кітап бірнеше ұйымнан келген 30-дан астам педагогтың көңілінен шықты.  Келген  қонақтар өз қоржындарында керекті ақпараттарын алғандығын айтып бөлісті. Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Д.Бугубаева бұл кітапты дайындаған тәрбиеші Мадина Сабитовнаның орасан зор жұмысын бағалап, өзге педагогтарға бірден-бір үлгі бола алатынын айтып, ризашылығын білдірді.

   Ж.Р.СЕКСЕНАЛИНА,

 «Алтын сақа»

 бөбекжайының әдіскері

М.С.БЕХМУХАМБЕТОВА,

«Алтын сақа»

 бөбекжайының тәрбиешісі