Ғылым — дамудың басты факторы

ҚР Президентінің Жарлығымен 2011 жылы 12 сәуір Қазақстан Республикасы ғылым саласы қызметкерлерінің күні болып бекітіліп, содан бері жыл сайын аталып өтіп келеді.

Бүгінде индустриялық- инновациялық бағыт ұстанған еліміз таяу уақытта әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдерінің қатарына қосыламыз деген асқақ мақсаттар қойып, осы жолда табанды жұмыстар атқаруда.

Осы бағытта дамудың басты факторына айналған ғылым мемлекетіміздің қарыштап өркендеуінде, бәсекеге қабілеттілігін арттыруда негізгі қозғаушы күшке айналып отыр. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан-ақ мемлекетіміз ғылымға үнемі қамқорлық жасап, қолдап келеді.

Соңғы жылдары бұл бағытта көптеген жұмыс жасалды. Атап айтар болсақ, ең негізгісі — «Ғылым туралы» Заңның қабылдануы. Соның арқасында ғылымды басқарудың жаңа үлгісі жасалып, қаржыландырудың жаңа тетіктері жұмыс істей бастады.

Ашық дереккөздерге қарасақ, ғылымды дамыту, оның сапасын арттыру мақсатында шаралар ауқымы кеңейіп, қаржыландыру жеті есе артқан. Ғылымға бизнес тарапынан қаржылай қолдау да көбейген. Жыл сайын елімізде ғалымдардың еңбегін қолдау, жас ғалымдарды ғылым саласына тарту мақсатында құнды бастамаларды қолдауға бағытталған жобаларға қомақты қаржы бөлініп, байқаулар, форумдар ұйымдастырылуда.

Атап айтқанда, жыл сайын үздік ғылыми қызметкерлер үшін 50 сыйлық бөлінеді. Ағымдағы жылы «Жас ғалым» жаңа жобасын іске асыру басталады, оның шеңберінде жыл сайын жас ғалымдарға 1 000 грант бөлінеді. 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыруды ЖІӨ-нің 1 пайызына дейін ұлғайту жоспарлануда, бұл отандық ғылымның дамуына үлкен серпін болады.

Ұлттық ғылыми зертханалар ашылды. Қазіргі уақытта осы зертханалар үлкен жұмыстар атқаруда. Әлемдік ақпараттық ресурстар мен ғылыми басылымдар қолжетімді болды. Ғылыми- техникалық сараптамалық халықаралық жүйесі енгізілді. Ғылым мен білімнің, өндірістің интеграциясы қарқынды дамып жатыр. Бұл тұрғыда ғылым саласында біртұтас мектеп қалыптастырған, өзінің ғылыми саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген қазақстандық ғалымдардың ғылыми әлеуетімен мақтана аламыз.

Бүгінгі қазақстандық ғылымның алға қойып отырған басты мақсаты — индустриялық- инновациялық даму бағытын ұстана отырып, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылу, ол үшін еліміздің ғылыми- зерттеу әлеуетін жұмылдыру, зертеу жұмыстарын халықаралық деңгейге көтеру, сонымен қатар оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыру

Жыл сайын Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті ұжымының да ғылыми әлеуеті артып келеді. Университет бірқатар бағыт бойынша ғылыми еңбектерімен кеңінен танымал, ғылыми мектептер құрылып, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілуде, халықаралық байланыстар дамуда.

Жалпы алғанда, университетте 27 ғылым докторы мен 99 ғылым кандидаты және 20-дан аса PhD докторы қызмет етеді.

Соңғы бес жылда университет ғалымдары рецензиялайтын халықаралық журналдар Scopus деректер базасы бойынша және Web of Science Core Collection (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index) деректер базасы бойынша 245, РИНЦ және басқа да халықаралық базалар бойынша нөлдік емес импакт- факторлармен 595, Білім және ғылым саласы сапасын бақылау комитетінің (ККСОН) ұсынатын журналдарында 595 ғылыми мақала шығарылған. Осы уақыт аралығында университет ғалымдары 14 ғылыми гранттық жұмыс жүргізуге тапсырыс алып, барлығын талапқа сай орындап шықты.

Университет жанында Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми- зерттеу институты жұмыс жасайды және ол — университетте ғылыми жұмыстар жүргізуде негізгі ұйымдастырушылардың бірі.

Ғылыми- зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері «Достық» Коворкинг орталығы алаңында студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми- зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыруда, жетекші ғалымдарды, бизнес қоғамдастықтың, мемлекеттік басқару және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, ғылыми- зерттеулер мен инновациялық жобалар ұйымдастыруда және ілгерілетуде әдістемелік көмек көрсетеді, кеңес береді. Олар халықаралық жастар фестивальдарына, конференцияларға, форумдарға қатысады.

ҚР Президенті Қ. К. Тоқаев 2021 жылғы «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: «Ғылымды дамыту — біздің аса маңызды бағытымыз… Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл — уақыт талабына сай болумен қатар әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу», — деп атап өткен еді. Ғылым саласы қызметкерлерінің де негізгі мақсаты мен міндеті — осы талаптарды іске асыру.

ҚР Президенті Қ. К. Тоқаев 2021 жылғы «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: «Ғылымды дамыту — біздің аса маңызды бағытымыз… Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл — уақыт талабына сай болумен қатар әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу», — деп атап өткен еді. Ғылым саласы қызметкерлерінің де негізгі мақсаты мен міндеті — осы талаптарды іске асыру.

Болат Шайменұлы СӘРСЕМБАЕВ,

Қазтұтынуодағы Қарағанды университет

і Экономикалық-құқықтық зерттеулер ҒЗИ-дің аға ғылыми қызметкері