«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы
Биыл 18-20 наурызда Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің (бұдан әрі – ЖПБ) қызмет көрсету аумағында барлық күші мен құралдарын тарта отырып «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы (бұдан әрі – ЖПІШ) өткізілуде.
Шара барысында техникалық қызмет көрсету станцияларында, шаруа және фермер қожалықтарында, шалғайдағы учаскелер, қыстаулар және басқа да шалғай жерлерде азаматтарды еңбекке пайдалану, қару-жарақ заттарды заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысына тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Қоғамдық орындарда азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауын, есепке алынған азаматтарды бақылау және «мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде әкімшілік құқықбұзушылық деректерінің алдын алу бойынша жұмыстарына басты басымдылық беріледі.
Жалпы шараның басты мақсаты – Наурыз мейрамы қарсаңында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда теміржол объектілерінде, әуежайларда, теміржол вокзалдары мен станцияларда, жолаушылар тасымалдайтын пойыздарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу.
Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы ЖПБ